Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен суда адамдарды құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін полиция қызметкері Ердәулет Макимов «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды.
Марапатты ТЖМ басшысының атынан Павлодар облысы ТЖД бастығы Рустамбек Амрин табыстады.
«Су – өмірге қауіпті стихия, сол себепті аталмыш жағдайларда әр секунд санаулы болып табылады. Сіз қайғылы жағдайдың алдын алдыңыз. Сіздің батыл әрекеттеріңіздің арқасында бір ғана өмірді емес, екі жасөспірімнің өмірін сақтап қалдыңыз», — деп атап өтті Департамент бастығы және батырға денсаулық пен қызметте табыс тіледі.