МӘЖІЛІСТЕ АҚПАРАТ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ САЛАЛАРЫНДА ЗАҢНАМАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕҢІЛДЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында министрлік әзірлеген ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларындағы заңнамалық реттеуді жеңілдетуге бағытталған заң жобасы туралы айтып берді.Министр аталмыш құжат 2022 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру аясында әзірленгенін атап өтті.

«Заң жобасы Министрліктің құзыретін заңнамалық тұрғыдан шамадан тыс реттеу мәселесін шешеді. Атап айтқанда, бұрын заңнамаға сілтенетін Министрліктің мойнындағы негізгі міндеттерді, соның ішінде ішкі процедураларға және басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынас мәселелеріне қатысты нормалар ендігі жерде министрліктің Ережесімен реттелетін болады. Ұсынылып отырған заң жобасы алдарыңызға келмес бұрын тиянақты түрде сараптамадан өтіп, барлық мүдделі жақтармен барынша талқыланды. Ең бастысы – болашақ заңнама ел Президентінің мемлекет алдына қойған тапсырмаларын толық орындап, оның осы бағыттағы қызмет жүйесін едәуір жақсартуға бағытталған», – деді Аида Балаева.

Сондай-ақ Заң жобасы аясында креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға ықпал ететін түзетулер де қарастырылған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

13 қараша 2024

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелері талқыланды

13 қараша 2024

Астанада «күміс» волонтерлік бойынша шеберлік сағаты өтті

12 қараша 2024

ҚР Ұлттық музейінде «Нағым-Бек Нұрмұхаммедов палитрасындағы дәуір бейнесі» атты көрме ашылды

12 қараша 2024

Моңғолиядан Қазақстан тарихына қатысты фото және киноқұжаттар табылды

12 қараша 2024

«Ашық НҚА» порталында НҚА жобасын орналастыру туралы хабарлау

Ұқсас жазбалар

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ӨҢІРЛЕРІНДЕ 65 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРДІ СУРАТЫН 103 КАНАЛДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту аясында елдің оңтүстік өңірлерінде жалпы ұзындығы 968 шақырым болатын, 65 мың гектар жерді суаратын 103 ирригациялық...

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына...