Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»МЕРГЕНДЕРДІҢ МЕГАПОЛИСТЕГІ АЛҒАШҚЫ САЙЫСЫ
    Жаңалықтар

    МЕРГЕНДЕРДІҢ МЕГАПОЛИСТЕГІ АЛҒАШҚЫ САЙЫСЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.11.202497 Views

    Дәстүрлі садақ атудан ересектер арасындағы «DALA MERGENI» сайысы өз мәресіне жетті. Шымкент қаласында  алғаш рет өтіп жатқан жарыста 10 елдің спортшылары қатысып, бақтарын сынады. Кубокқа әлемнің әр елінен 15 мерген келді, ал Қазақстан  ұлттық құрамасы мен әр облыстан 1 ұл 1 қыз  садақшылар қатысты.

    «Dala Mergeni» әлем кубогі — ұлттық дәстүрлі садақ ату өнерін қолдау, халықаралық аренада насихаттау мақсатында өткен айтулы жиынға шет мемлекеттен де көрермендер келіп өз жақындарын қолдады. Ұлттық сайысқа Ресей, Иран, Франция, Тәжікстан, Моңғолия, Үндістан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және еліміздің барлық аймағынан мергендер жекелей сында ерлер және әйелдер болып бақтарын сынады. Спортшылар  «Пута», «Қалқан» және «Жамбы» стилі бойынша бақтарын сынап, шеберліктерін паш етті.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы, «Sadaq aty» Республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы, Шымкент қаласы  садақ ату федерациясы мен   дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен спорттық дода 3 кунге созылды. Спорттық жарыста ең мықтылар анықталып туларын биікке желбіретті.

    Әлем Кубогінің жеңімпаздары анықталды. Жарыстың бірінші күнінде Пута нысанасы бойынша спортшылар бақ сынаса ,ал екінші күнінде қалқан нысанасы мен жеңімпаз анықталды. Сондай-ақ, әр тиген оққа 1 ұпай беріледі. Ең жоғарғы ұпай 63 ұпай болды.

    Ұпай сандары тең түскен жағдайда 9 оқтан 1 мүмкіндік беріледі. Егер осы мүмкіндікте тең ұпай орын алса, нысананың ортасындағы нүктеге ең жақын тиген оқ есепке алынып, сол спортшыға ұпай есептеледі.

    Сондай- ақ, үшінші күнде жамбы нысанасы бойынша ең мықталар топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді. Ұлттық спорттық додада әр нысана түріне байланысты арақашықтық есептелді. Мысалы, Пута нысанасы — 60/70метр арақашықтықта болса, Қалқан нысанасы 50/60метр, Жамбы нысанасы 30метр. Құралайды көзге атқан мергендерді марапаттап, қаржылай сыйлықтар табысталды. Ұлттық сайыстың жалпы жүлде қоры 8 млн теңге. Ұйымдастырушылар  алдағы уақытта бұндай ұлттық додадалды жиі-жиі болатынын айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    АҚЫННЫҢ АЛҚАЛЫ КЕШІ

    26.11.2026

    ӨНЕРГЕ АРНАЛҒАН 40 ЖЫЛ

    26.11.2026

    КЛАССИКАЛЫҚ ӨНЕР — ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕ

    26.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.