Шаһарымызда қала әкімімен кездесу Әл-Фараби ауданында жалғасты. Ашық алаңда өткен жиында халықтың көпшілігі абаттандыру, көгалдандыру, жасыл желекті суару, сумен жабдықтау секілді маңызды мәселелерді көтерді. Аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтары мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, айтылған мәселе қала әкімінің жіті бақылауында болатыны айтылды. Әл- Фараби ауданы тұрғындарымен ұйымдастырылған көшпелі кездесуде көтерілген мәселелердің бірі сумен жабдықтау. Қала тұрғынының айтуынша ауларында суағар жоқ көрінеді. Бұл мәселені назарға аударуын өтінді.
Туристерді қызықтыратын қошқар ата өзенінде қазіргі таңда заңсыз ғимаратар көп екенін айтқан қала тұрғыны. Бұлай жалғаса берсе қаламызда ерекше орын алатын өзеннен айырылп қалатынын жеткізді. Күнделікті жейтін нанымыздан бастап азық-түлік бағасы күннен күнге қымбаттап, халықтың наразылығын қалыңдата түскен анық. Қала тұрғындарының бірінің айтуынша ұйымдастырылатын ярмаркалардың бағалары қымбат екен. Қаншалықты ол дұрыс ,осы мәселеніде назарға алсаңыздар дейді.Жаңа фарматта өтіп жатқан көшпелі кездесу Иляев көшенсінде жалғасты. Жиын барысында өзекті мәселелер айтылып сұрақтарға жауап алынды. Халықтың айтылған өтініш тілектері, талқыланған мәселелер сол мезетте хаттамаға енгізіліп,