Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»БАТЫРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ
    Жаңалықтар

    БАТЫРДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.10.202488 Views

    Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Қала әкімі турнирге қатысып, қазақстандық боксшылардың финалдық жекпе-жегін тамашалады.

    Жарысқа еліміздің үздік боксшылары, сондай-ақ Украина, Түркия, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген былғары қолғап шеберлері қатысты. Сайыста  ел боксшылары негізгі құрамда өнер көрсетті. Өйткені турнирдің маңыздылығы жоғары. Отандық бапкерлер, жарыс жолын сәтті аяқтап, жеңімпаз атанған спортшыларды Иордония астанасы Амманда өтетін Азия біріншілігіне алып барады

    Бұл 43-турнир, дегенмен биыл  қазақстандық боксшылар үшін ерекше маңызға ие. Жарыстың барынша әділ өтуі үшін арнайы шетелдік мамандар да тартылған. Жыл сайынғы дәстүрге айналған турнир, «Ірі жарыстар іріктеуі» — дейді Біржан Жақып. Биыл 43-рет өтіп отырған додаға бір кездері Олимпиада чемпиондары – Бақтияр Артаев, Васили Жиров, Ермахан Ибрагимов сынды мықтылар қатысқан. Биыл да бәскелелестік пен қатысушылар деңгейі жоғары. Турнирде, Париж олимпиадасының қатысушылары Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан сынды бірінші нөмірлі спортшылар бақ сынады. Дүбірлі додаға қала әкімі қатысып алғы сөз алды. Айтуынша, сайыстың жас өренге көрсетер өнегесі, тәлімі мол. Жарысқа сондай-ақ аға буын өкілдері шақырылып, жас боксшыларға сәттілік тіледі. Жарыс қорытындысына сәйкес, турнирде үздік өнер көрсеткен спортшылар жүлделі орындардан бөлек «Үздік техника», «Жылдам боксшы», «Әділ төреші» сынды номинациялармен де марпатталды.

    Енлеше, финалдық жекпе-жектер өтіп, алтын жүлдені иеленген спортшылар анықталды. Назарларыңызға жеңімпаздардың тізімін ұсынамыз:

    48 келіге дейінгі салмақта: Теміртас Жүсіпов

    51 келіге дейінгі салмақта: Дамир Әбдіқадыр

    54 келіге дейінгі салмақта: Нұрсұлтан Алтынбек

    57 келіге дейінгі салмақта: Оразбек Асылқұлов

    60 келіге дейінгі салмақта: Бейбарыс Жексен

    63,5 келіге дейінгі салмақта: Ертуған Зейнуллинов

    67 келіге дейінгі салмақта: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

    71 келіге дейінгі салмақта: Сабыржан Аққалыков

    75 келіге дейінгі салмақта: Диас Молжігітов

    80 келіге дейінгі салмақта: Ерасыл Жақпеков

    86 келіге дейінгі салмақта: Бекзад Нұрдәулетов

    92 келіге дейінгі салмақта: Сағындық Тоғамбай

    92 келіден жоғары салмақта: Айбек Оралбай

    Айта кетейік, жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан және бірнеше елден 150 боксшы қатысты. Осымен 43-рет өткен бұл турнирде Қазақстан боксшылары Азия чемпионатына іріктеліп, құрам жасақталады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.