Сақ болыңыз! Жазда серуендеу, саяхаттау, табиғатта болу кезінде кене шағу қаупі артады. Бүгінгі таңда, кенеден келген қауіп бір адамның өмірін қиды. Мегаполисте конго-қырым қанды қызбасы диагнозымен 3 ересек, 2 бала тіркелген. Осыған орай денсаулық сақтау басқармасы қансорғыштан қорғану бойынша арнайы жиын өткізіп, зиянды жәндіктен сақтаныңыздар деп дабыл қақты.Күн жылынып, ауа температурасы жоғарылай бастаған уақытта кенелердің белсенділігі арта түседі. Конго-Қырым геморрагиялық қызба ауруы табиғи аса қауіпті жұқпалы вирусты инфекция. Қазақстанның 4 аймағы осы аурудың табиғи орны болып табылады. Атап айтсақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Аурудың негізгі тасымалдаушысы иксод кенелері. Қансорғыш күннің көзі жылысымен жылы қанды жан-жануарларға және адамдарға шабуыл жасайды. Ауру кене шаққанда немесе кенелердің қаны арқылы, не болмаса ауру адамның қанымен жанасқанда жұғады.Егер кене шақса, адамның дене температурасының 39-40 градусқа дейін тез көтерілуі, қатты бас ауруы, көздің, беттің, мойынның және дененің жоғарғы бөлігінің қызаруы, мойын мен арқа бұлшықеттерінің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, сосын терінің бөртуі, мұрын, қызыл иек, жатырдан және асқазаннан қан кету белгілері байқалады. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу үшін кене шаққан жағдайда немесе кенемен жанасқанда бірден медициналық көмекке жүгіну керек. Кене жабысқан жағдайда оны жоймай, беті тығыз жабылатын ыдысқа салып, зертханаға зерттеуге тапсыру қажет. Айта кетейік, көрші облыстан ауруын асқындарып келген 1 ересек науқас қайтыс болды. Ал, 2 науқастың диагнозы лабораторлы тұрғыда расталмағандықтан, диагноз сараптамасы алынды.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...