• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қыркүйек 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Д.САТЫБАЛДЫ ВЭЙНАНЬ ҚАЛАСЫНА БАРДЫ

09.07.2024
0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация Қытай Халық Республикасына іссапармен барды. Түркістан облысы мен Қытай арасында тығыз қарым-қатынас орнаған. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жұмыс сапарында облыс делегациясы бірнеше провинция мен қалаларындағы алпауыт компаниялардың жұмысымен танысады. Жергілікті билік басшыларымен екіжақты байланысты нығайту, әріптестік туралы меморандумға қол қою көзделген. Облыс әкімі тың жобаларды жүзеге асыру, ІТ саласында тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы саласын дамытуда білім жетілдіру, озық технологиямен қамту, терең өңдеу бойынша, білім, мәдениет, туризм, Түркістандағы әуежайдың логистикалық әлеуетін пайдалану, әуе рейсін ашу және өзге де мәселелерде әріптестік орнатуға келіссөздер жүргізеді. Басты мақсат – халықаралық тәжірибе жинақтап, Түркістан өңірінде жаңа жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту, облыс аумағында зауыт-фабрикалар ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру.

Түркістан облысының әкімдігі мен Қытайдағы Қазақстан елшілігі мен Бас консулдықтың бірлесіп ұйымдастыруымен Шэньси провинциясында ауқымды іс-шара жоспарланды. Бағдарлама бойынша облыс әкімі Дархан Сатыбалды бастаған делегация  мен Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Шэньси провинциясының Вэйнань қаласында орналасқан «Chian Chuangshi Construction Group» компаниясына тиесілі «Weinan Jianguo» қонақүйіне барды. Түркістанда дәл осы жобамен бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк және бейнебақылау камераларын шығаратын зауыт салынбақ. Жобаның жалпы құны 270 млн АҚШ долларын құрайды.

Айта кетейік, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жақында Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы Cаммиті аясында өткен Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесінде жалпы құны 1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда әкімшілік іскерлік орталықтың аумағынан 11,8 гектар жер учаскесі қонақүй жобасына нақтыланды. Онда 18 қабатты қонақ үй, аквапарк және вилла кешені мен бизнес орталықтарының құрылысын бастау жоспарланған.

«Hongji Shiye Group» компаниясы жылжымайтын мүлікті дамыту, құрылыс, монтаждау, қонақүй, қарттарға дұрыс күтім жасау, мейірбикелік күтім орталығы және мүлікті басқару сияқты 10-нан астам бизнес салаларын құрған. Бейжің, Шанхай және Шэньсиде операциялық қызметті жүзеге асырады. Вэйнань қаласындағы саябағы бар қонақүй ерекше үлгіде салынған. 675 орындық орталықтың жалпы аумағы 94 мың шаршы метрден асады. Сондай-ақ Дархан Сатыбалды бастаған делегация көпсалалы аурухана мен ардагерлерге арналған сауықтыру орталығында болды. Құрылысы енді біткен әлеуметтік жоба аурухана, мейірбике орталығы, қарттар үйінен тұрады. Медициналық және сауықтыру кешені ерекше күтім мен қауіпсіздікті басты қағида ұстанады. Орталық ыңғайлы жиһазбен, қажетті құралдармен толық жабдықталған. 5 миллионға жуық халық тұратын қалада ерекше үлгідегі, қолжетімді және бизнес кластағы тұрғын үйлер кешені орналасқан. Солардың басым бөлігі осы компанияға тиесілі.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылау үшін Вэйнань қаласы халық үкіметінің қала әкімі Чен Сяоюн, Шэнси провинциясының халықаралық достық қоғамы төрағасының орынбасары Цао Хуэймен кездесті. Тараптар өңір әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша мәселелерді талқылады. Түркістан өңірінің шаруаларының білімін жетілдіруге арналған үлкен жоба дайындау туралы келіссөз жүргізді.

Тарихы терең Вэйнань қаласы Қытай өркениетінің бастауы саналады. 2000 жылдан астам тарихы бар. Бұл елдің ең үлкен өзендердің бірі – Вэйхэ өзенінің жағасында орналасқан. Ауыл шаруашылығы саласы мықты дамыған. Жеміс-жидек өсіруден ҚХР-да көш бастап тұр. Алтын мен көмір өндірісі қарыштап дамыған. Вэйнань қаласында Қытайдағы ең ірі жүзім бағы бар. Мұнда жүзімнің сан алуан түрі өсіріледі. Жаңа сорттары шығарылады.

Кездесу қорытындысымен Түркістан қаласы мен Вэйнань қалалары арасындағы әріптестікті, байланысты нығайту, бауырластық қарым-қатынастарды орнату туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ӘЙЕЛДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҚОРҒАНЫС КУРСЫ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкентте нәзік жандылардың қауіпсіздігін арттыруға арналған «ӘЙЕЛ.ҚҰҚЫҚ.ҚОРҒАНЫС» атты семинар-тренинг өтті. Мұнда қатысушылар өзін физикалық қауіптен қорғаудың қарапайым тәсілдерін меңгеріп, дағдарыс...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ АШЫҚ АЛАҢ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара Шымкент қаласында өтті. «Адал азамат» тақырыбында ұйымдастырылған ашық алаңға еліміздің жетекші тарихшы, әлеуметтанушы,...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН 13 ОРЫН

Айғақ медиа
02.09.2025
0

  Шымкентте шомылуға тыйым салынған 13 орын бар. Сәуір айынан бері қала аумағында 155 рейд жүргізіліп, тұрғындарға ескерту жасалды. Қауіпсіздік...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ ЖАБЫЛҒАНЫНА — 34 ЖЫЛ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Қазақстан – ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан тұңғыш мемлекет ретінде әлем тарихында айрықша орын алды. 1991 жылғы 29 тамызда...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — ЖҮРЕКТЕ

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы «Жұлдызай» балаларды оңалту орталығы тағы да ерекше қуанышқа бөленді. Мұнда дәстүрге айналған «Мектепке жол» атты мерекелік қайырымдылық шарасы...

ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТПЕГЕН БАЗАРЛАР ЖАБЫЛАДЫ

САУДА БАЗАРЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАП

Айғақ медиа
02.09.2025
0

Шымкент қаласындағы базарларды жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері күннің екінші жартысында қаладағы ірі сауда орындарының...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.