Үшінші мегаполисте көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілген болатын. Осы мақсатта «Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бағытындағы атқарылған жұмыс нәтижелері» тақырыбында брифинг өтті. Жалпы ағымдағы жылдың 5 айында Департаментпен 57 қылмыстық құқықбұзушылық тіркеліп, оның 90 пайызы сотқа жолданған.
Көлеңкелі экономика – мемлекеттік есепке алу мен бақылаудан тыс дамитын және өзара байланысты екі белгіге ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі, атап айтқанда, тек өз мүддесі үшін бақыланбайтын кіріс алу және қосымша экономикалық пайда алу мақсатында фискалдық бақылаудан толық немесе ішінара шығарылған кіріс алу мақсатындағы заңсыз қызмет. Аталмыш брифинг көлеңкелі экономикаға негізделе отырып, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша атқарылған жұмыстарды жіктеді.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің бөлімшесі болып табылады, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады. 2024 жылдың 5 айында аталған бағытта қала аумағында жасырын 5 цех анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233 бабымен 5 қылмыстық іс тіркелген, тергеу нәтижесімен 4-і сотқа жолданған. Спикерлер брифинг барысында осы сынды экономикалық қылмыстар туралы мәліметтер болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға болатынын айтты.
Қала аумағында орналасқан дүкендерге, сауда орталықтарына заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеу бойынша ескерту хаттарын беру жұмысы атқарылып, жыл басынан 58 дүкен иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілген.