Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ
    Айғақ MEDIA

    ЕЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ ӨТКЕН АПТАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.202495 Views

    Әуесқой бокс: Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында ұйымдастырылған соңғы лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының үш боксшысы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ерлер құрамасынан – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), қыздардан Назым Қызайбай (50 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) лицензияға қол жеткізді.

    Триатлон: Ұлттық құрама спортшысы Екатерина Шабалина триатлоннан Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын ресми растады.

    Садақ ату: Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Айкөркем Батихан Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Fetih Kupası («Жеңіс кубогы») турнирінде жеңімпаз атанды.
    Көркем жүзу: Канаданың Маркем қаласында өткен көркем жүзуден Әлем кубогінің үшінші кезеңінде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды.

    Таэквондо: Оңтүстік Кореяның Мунгеонг қаласында басталған әскери қайраткерлер (CISM) арасындағы таэквондодан 27-ші әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс медаль жеңіп алды.

    Спорттық гимнастика: Словенияның Копер қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының Challenge Cup турнирінде отандасымыз Дияс Тойшыбек күміс жүлдеге ие болды. Ол ат снарядындағы финалда 14.150 ұпай жинады.

    Волейбол: Қазақстан әйелдер құрамасы Филиппин астанасы Манилада өткен волейболдан Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды. Финалда жерлестеріміз Вьетнам құрамасынан үш партияда 0-3 (20-25, 22-25, 22-25) есебімен жеңіліп қалды.

    Теннис: Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Тунистің Монастир қаласындағы ITF турнирінде топ жарды. Ресейлік Илья Симакинмен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз финалда португалиялықтар – Педро Араухо мен Хосе-Луис Маркесті 6:1, 7:5 есебімен ұтты.

    Гір көтеру: Қазақстандық спортшылар Тайбэй қаласында өткен гір тасын көтеруден Азия чемпионатында 34 алтын, 25 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте екінші орыннан көрінді.

    ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.