Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
    Айғақ MEDIA

    БАУЫРЖАН ОМАРБЕКОВ ЕАЭО ЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛЕРІНІҢ КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.2024141 Views

    Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шеңберінде Минск қаласында (Беларусь Республикасы) өткізілген ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының 9-кеңесіне қатысты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Экономика министрліктерінің өкілдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық дамуының 2035 жылға дейінгі негізгі бағыттарының жобасын және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды талқылады.

    Б. Омарбековтің айтуынша, Негізгі бағыттар жобасы ЕАЭО туралы шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда, ең алдымен кооперациялық өзара іс-қимыл, көлік-логистикалық кеңістік, технологиялық дамудағы ынтымақтастық саласында айқындалған  әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективалық бағыттарын қамтуы тиіс.

    Сонымен қатар вице-министр біздің еліміз үшін Одақ туралы шартты, атап айтқанда «төрт бостандық» және инфрақұрылымға кемсітусіз қол жеткізу, әділ бәсекелестік, тең құқықтылық және ұлттық мүдделерді есепке алу сияқты негізгі қағидаттарды толық көлемде іске асыру маңызды болып қала беретінін атап өтті.

    Экономика министрліктері басшыларының кеңесіне Армения Республикасының экономика министрінің орынбасары Нарек Терян, Беларусь Республикасының экономика министрінің бірінші орынбасары Андрей Картун, Қырғыз Республикасы экономика және коммерция министрінің орынбасары Назарбек Малаев, Ресей Федерациясы экономикалық даму министрінің орынбасары Дмитрий Вольвач, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев қатысты.

    ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономика министрліктері басшыларының кеңесі ЕЭК өкілдерінің қатысуымен Одақтың экономикалық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылау мақсатында 2019 жылдан бері өткізіліп келеді.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.