Балаларды қорғау күніне орай, Білім басқармасы және қалалық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен
«№ 28 «Гауһар» мемлекеттік арнаулы балабақшасы» базасында “Біз әлемді балаларға сыйлаймыз!” атты челлендж ұйымдастырылды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің ұсынымен басталған бұл шараның басты мақсаты: бүлдіршіндердің топта бірлескен іс-әрекет дағдыларын дамыту, қоғамдастық сезімін тудыру.
Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Осы орайда №28 “Гаухар” мемлекеттік арнаулы балабақшасында бүлдіршіндер “Біз спортты сүйеміз» спорттық эстафетасы, «Жас зерттеушілер» тәжірибе жасау, “Әлем балалар көзімен» Дәстүрлі емес әдіспен сурет салу, «Біз аспаздармыз» Дәстүрден тыс әдіс-тәсілмен қол моторикасын дамыту,
«Көңілді бояулар» гипске сурет салу, «Ұлттық құндылықтар» Асық ойындары, кілем тоқу, киіз басу т.б эстафеталарға қатысты.
Іс-шара соңында қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы Баян Жандосова бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттады.
Сонымен қатар, мерекеге орай балаларға сыйлықтар табыс етілді.