Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНОМАСТИКА ЖҰМЫСТАРЫН ОРТАЛЫҚТАНДЫРАДЫ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОНОМАСТИКА ЖҰМЫСТАРЫН ОРТАЛЫҚТАНДЫРАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.05.2024154 Views

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Өңірлік ономастика мәселелері» атты өңірлік семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

    Семинар жұмысына республикалық және облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, тиісті орталық мемлекеттік органдар басшылары, Қарағанды облысы бойынша аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Кездесу барысында «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» сынды тізімдер және өзгерістер мен толықтырулар енгізілген әдістемелік ұсыныс талқыланды.

    Сондай-ақ қатысушылар ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, республикадағы жаңартылған ономастикалық атаулардың халық арасында кеңінен қолданылатын карталарға (Yandeх, 2GIS), новигациялық құралдардағы ономастикалық атауларды біріздендіруге, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен оларды өзгерту мәселелерін қарады.

    «Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау  мақсатында республикалық жұмыс тобын құрып, жергілікті әкімдіктермен бірлесіп бірқатар шараларды жүзеге асырды.  Жұмыс тобының мүшелері еліміздегі белгілі институттардың ғалымдары және Орталық мемлекеттік архив мекемесімен бірге қолданыстағы тізімдерді қайта пысықтады. Тізімдер түрлі салалар бойынша топтастырылды», – деді ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов.

    Сондай-ақ ҚР МАМ өңірлік деңгейде ұлықталатын тарихи тұлғалар тізімін жеке бөлімге бөлді. Жалпы алғанда тізім 697 адам қосылды, оның 463-і республикалық деңгейде, ал 234-і өңірлік деңгейдегі тұлға. «Қасиетті Қазақстан» зерттеу жұмыстарының жинағы талданып, нәтижесінде тарихи маңызы бар 100-ден аса жер-су атауының тізімі жасалды. Топонимдердің тізімі 502 атауға жетті.

    Жиын соңында қатысушылар өңірлердегі ономастика қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ШЫМКЕНТ МЕРГЕНДЕРІ ӘЛЕМДІК АРЕНАДАДА ТОП ЖАРДЫ

    16.11.2026

    ҚАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ КЕЛБЕТІ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТАЗА ОРТАҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҰМЫСТАР

    16.11.2026

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.