Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA» ҰЛТҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН МИНИСТР
    Айғақ MEDIA

     ҰЛТҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН МИНИСТР

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.05.2024153 Views

    Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов өзінің Twitter парақшасында Қазақстан тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов туралы жазба қалдырды.

    “Барып тұрған ұлтшыл”
    Қонаев: «Нағыз керегі осы»

    Бүгін Қазақстан тағамтану академиясының президенті, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы және қазақстандық медицинаның мақтанышы, Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі «Еңбек ері» белгісінің иегері, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті.
    Иманды болсын. Қайғыға ортақтасып отбасына көңіл айтамын.

    Ерекше құрмет тұтатын ағамыз туралы естелік.

    ҰЛТҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЖАСАҒАН МИНИСТР
    Төрегелді Шарманов естелігінен : “Денсаулық министрі болып маған дейін орыс отырды 10 жылдай. Кезек келген сияқты. Қонаев керемет азамат еді ғой. Соны ауыстыру керек болғанда менің кандидатурам түседі есіне.

    Ол кезде Ақтөбеде ректормын. Фазылов дейтін бөлім меңгерушісінен мен туралы пікір білуді тапсырады, қандай характеристика береді екен дейді. Сұрайды. Сосын Қонаевқа келіп: «Сұрадым. Жақсы ұйымдастырушы, білгір басшы деп жатыр. Бірақ… Бірақ, барып тұрған ұлтшыл дейді»,- депті. Сонда Қонаев: «Нағыз керегі осы», — депті.

    Оны кейін естідім. Бір жылдан кейін сол Фазылов: «Қалай келгеніңді білесің бе, Димекең осылай айтқан еді. Қиын жағдай болады ғой деп, біз айтқан жоқпыз»,- деді.

    Жүрегі қандай Дінмұхамед Ахметұлының… Соған тойтарыс берудің өзі қиын дүние ғой қарасақ. Ұлтшыл деп айып тағып жіберуге де болады. Мен бірақ айыптан қорыққан жоқпын. Сөйтіп он жылдан аса министр болдым. Министрлікте жүріп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ арқылы алғашқы медициналық жәрдем тақырыбында Алматы халықаралық конференциясын ұйымдастырдым. Оны БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ісіндегі ең ірі оқиға деп таныды. Қорытындысында декларация қабылданып, барлық мемлекеттер адамдарға алғашқы медициналық көмек беру құқығына ие болды. Декларация Ұлы Хартия аталып кетті.”

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.