• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«СЕЙІТЖАН ҚАРИ ЕСЖАНҰЛЫ» МЕШІТІ АШЫЛДЫ

24.05.2024
0

Шымкентте Сейтжан қари Есжанұлы мешіті ашылды. Бір мезетте 12 мыңға жуық жамағат бас иетін зәулім мешіт Гиннестің рекордтар кітабына енбек. Салтанатты шараға Құран кітабын жазған тегі қазақ, ислам әлеміне танымал тұлға Осман Тоха, еліміздің бас имам, жергілікті тұрғындардан бөлек, мұсылман елдерінен ғалым, хафиздар, қонақтар көптеп келді. 12 га аумаққа салынған мешіттің қандай ерекшелігі мен артықшылықтары бар?

2014 жылы капсуласы салынған Алланың жердегі үйін қала халқы, жалпы мұсылман қауым ерекше күтті. Күннің райы қолайсыз болғандықтан ашылу рәсімі мешіттің ішінде өтті. Осы сәтте мешіттің айналасына жиналған мыңдаған жамағат тілекші болып тұрды.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылуына арнайы келген саудиялық шейх, әйгілі каллиграф Осман Тоханың бұл елімізге алғашқы сапары. Түбі Түркістаннан тараған ол ата-жұртына келгеніне шексіз қуанышты екенін жеткізді.

Құран әріптерін үш жыл бойы көркемдеп жазып шыққан Осман Тохаға Мемлекет басшысының атынан арнайы шапан жабылды. Ал, ҚМДБ  төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз атынан және жамағаттың атынан мешіттің бой көтеруіне ұйытқы болған Серікжан Сейітжановқа сый-сыяпат табыстады.

Мегаполис мэрі Ғабит Сыздықбеков Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегін жеткізді.

Шараға Сенат палатасынан Әли Бектаев, Мәжіліс мінберінен Данабек Исабеков қатысып, бас қаладан жолданған арнайы құттықтау хаттарын оқыды. Сенатор ізгілік пен бірліктің мекені саналатын мешіттің ашылуымен құттықтады.

Мешіт құрылысының идеясын ұсынушы «САУТС-ОЙЛ» компаниясының басшысы Серікжан Сейітжанұлы өзінің бастамасы, игі істі іске асырудағы мақсаты жайлы баяндады.

 

— Қаламыздың көркем жерлері мен түрлі символдары жетерлік. Бізде Шымкент халқының бейбітшілігі пен қонақжайлығының, рухани байлығы мен мейірімділігінің нышаны болатындай тағы да бір айырықша символ жасап шықсақ дедік.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешітке Серікжан Сейітжанұлының әкесінің аты берілген. Ол әйгілі ұстаз, математика пәнінің мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері,  Орта Азия мемлекеттік университетінің елімізден шыққан алғашқы түлектерінің бірі болған. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнап, кейін мектеп директоры болып қызмет еткен. Құлшылық пен дұға ету орны, әр жанға рухани ілім мен тәрбие беруші қасиетті мекен, халықтың  дін туралы көзқарасына ықпал етуші, ағартушылық мәні бар насихат ордасы жайлы қоғам қайраткері  Қуаныш Айтаханов жылы лебізін жеткізді.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт Шымкент қаласының жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан. Мешіт 4 мұнарадан тұрады. Негізгі бас күмбездің биіктігі 56 метр. Негізгі орталық кіреберіс есіктен ер азаматтар кірсе, сол жақ тұсындағы есік әйел адамдарға арналған.  12 мыңға жуық мінәжәт етушілердің сыю мүмкіндігі бар, ал кіреберіс алаңда бірден  10000-ға жуық келушілер жинала алады. Сондай-ақ, бұл ғимаратта 1100 орынға арналған конференц-зал, 600 орынға арналға ас беру орны, 100 орынға арналған неке қию залы, 428 орынға аарналған кіші дәрет алу орны, медресе мен кітапхана бар. 300 балаға арналған медресеге құрметті қонақ Осман Тоханың есімі берілді.

Келушілер көлігін ыңғайлы етіп қою үшін 2 қабатты автотұрақ та қарастырылған. Ішкі сәулеті де көз тартады. Қазақы нақышпен көмкеріліп, қабырғасына Құран сүрелері жазылған.

Сейітжан қари Есжанұлы атындағы жаңа мешіт оңтүстік өңірі тұрғындарының рухани орталығы ғана болмай, Шымкент қаласының көрнекті орындарының біріне айналмақ. Жоғарыда айтқанымыздай, мешіттің ашылуын қала халқы ұзақ күтті. Айтулы күні жергілікті тұрғындар кешеннің бой көтеруіне ықпал еткен жандарға ақ тілегін жеткізді.

Еліміздегі көлемі жағынан екінші орынды алатын, Гиннестің рекордтар кітабына енгелі жатқан мешіттің бас имамы болып белгілі ұстаз, исламтанушы, Құраннан 5 қырағат иесі, хафиз Ерсін Әміре бекітілді.

Іс-шара соңында Бас мүфти жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын оқыды.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

ЖАНАЗА ДАСТАРХАНЫНА ТӘТТІ БӘЛІШ, ЖЕМІС-ЖИДЕК, САЛАТ ҚОЮҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барлық өңірге ортақ ас берудің дастархан мәзірін әзірледі. Арнайы тізім Астанада өткен имамдар форумында қаралып, мүфтияттың...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАНДА 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА АЙЛЫҚ ЕСЕПТІК КӨРСЕТКІШ МӨЛШЕРІ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Парламент 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті мақұлдады. Жаңа бюджет жобасына сәйкес: - айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге...

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ — ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

Айғақ медиа
29.11.2025
0

Вице-министр Тимур Султангазиевтің айтуынша, биыл жедел жәрдем қызметіне қосымша 5 млрд теңге, ал келесі жылы 10 млрд теңге бөлінуі жоспарланып...

22 ҮМІТКЕР ШОКОЛАТИН БАЙҚАУЫНДА

Айғақ медиа
28.11.2025
0

Шымкентте «Шоколатин KAZAKHSTAN-2025» халықаралық байқауы өтті. Аталмыш іс-шара Франция елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Байқаудың мақсаты – Шоколатина бойынша әлем чемпионатына жолдама алатын...

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

ӘЛЕМДІК БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛҒАН АСПАЗ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте Шоколатина бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын үздік үміткерлер анықталды. Марапатты Францияның Қазақстандағы елшісі Сильвен Гиоге табыстады. Еуропада өтетін...

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

РАДИКАЛДЫ ТОПТАРДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
28.11.2025
0

  Шымкентте инстаграм желісінде радикалды топтарға жазылған 556 жасөспірім анықталды. Бұл ақпарат кезекті қоғамдық кеңес отырысында талқыланған болатын. Биыл мұндай...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.