Шымкент қаласы білім басқармасының алқа мәжілісі өтті. Сәуір айын қортындылап атқарған жұмыстардың есебін берген мәжіліске білім басқармасына қарасты мектеп, балабақшалар мен колледж басшылары және қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысты.
Жиында басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиеваның баяндамасы тыңдалып, білім беру ұйымдарындағы оқушылар мен студенттердің денсаулығы, білім алуы, қауіпсіздігі талқыланды.
Басқарма басшысы 2023 және 2024 жылдың I-тоқсанында атқарылған жұмыстарының мемлекеттік мектептерде жүргізілген кешенді мониторингтік қорытындылары туралы айтып өтті. Білім басқармасының кеңейтілген алқа отырысының күн тәртібіне қойылған 2 мәселе төңірегінде 2 сағаттан астам сөз өрбіді. Басқарманың 2023 және 2024 жылдың бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстарын Нұргүл Шәмшиева жіпке тізгендей етіп баяндап берді.
“2024 жылы білім саласына жалпы қаралған қаржы — 228 млрд 353,5 млн теңгені құрайды.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бағыты бүгінгі таңда 608 мектепке дейінгі білім беру мекемелері жұмыс істеуде.
Бұл бағыттағы басты көрсеткіш балаларды мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамту. 2023 жылы 28 балабақша ашылып, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды ұлғайту үшін 2 845 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. 2025 жылға дейін 11 425 жаңа орын ашу жоспарланған. Оның ішінде 2023 жылы қуаттылығы 2 845 орындық 28 балабақша ашылды. 2024 жыл соңына дейін 35 балабақша ашылады деп жоспарланған.
Орта білім беру саласы бойынша
Бүгінгі таңда қаладағы мектеп саны 275 құрап отыр оның 150 мемлекеттік, 125 125 жекеменшік. Ондағы білім алушылар саны 259 173. Оның ішінде мемлекеттік мектепте 206 286 оқушы (79,6%), жекеменшікте 52 887 оқушы (20,4%) білім алуда.
Инфрақұрылым және материалдық-техникалық базаны дамыт мақсатында қаладағы үш ауысымды және орын саны шамадан тыс мектептердің мәселесін шешу мақсатында 2023 жылы қуаттылығы 19 928 орынға арналған 23 мектеп (3 мемл., 20 ж/м) берілді. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын мектеп мәселесі толығымен шешілді.
Сондай-ақ, демографиялық өсімге байланысты 2028 жылға дейін қуаттылығы 50 340 орынға арналған 63 мектеп салу жоспарлануда.
Мониторингпен қамтылған мектептердің жалпы үлесі мемлекеттік орта білім беру ұйымдардың 50 %-ын құрайды. Оның ішінде Абай ауданының 16 мектебі, Әл-Фараби ауданының 14 мектебі, Еңбекші ауданың 16 мектебі, Қаратау ауданының 12 мектебі, Тұран ауданың 10 мектебі.
Мониторинг барысында 4 мектепте лицензиясы жаңартылмаған, 4 мектептің мектепалды даярлықты жүзеге асырылатындығы туралы хамарлама берілмеген. 11 мектепте білім алушылар ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. 19 мектепте бастауыш сынып оқушыларына арналған шкафтар жоқ.
16 мектепте мектептің нақты ҰББДҚ (НОБД) сәйкес келмейді. 2 мектепте педагогтың білімі тиісті бейініне сәйкес келмейді. 5 мектепте директор орынбасарының біліктілігіне қойылатын талаптар орындалмаған. 6 мектеп бос немесе уақытша лауазымға педагогтерді қабылдау қағидалары орындалмаған.
14 мектепте бейнекамералар жұмыс жасамайды. 3 мектепте терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты қызметкерді тағайындау туралы бұйрығы жоқ. 8 мектепте өрт қауіпсіздігі қағидалар нормаларын орындамаған.”
Осы сияқты өзекті мәселер қаралған алқада басқарма басшысы Нұргүл Шәмшиева алдағы уақытта мониторинг жүрігізлген мектептерде кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
Баяндамадан кейін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек білім саласындағы кемшіліктерді тізіп өтіп, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері туралы айтты. Қаралған мәселелер аясында бірқатар тапсырмалар берді. Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді іс-шаралар жоспарын қайта қарау ұсынылды.
Жалпы білім саласына Мемлекет басшысынан бастап, аймақтағы биліктің де жіті назарында. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан білім ғимараттарының құрылысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Аталмыш жоба қала басшысының басты назарында. Қатысушылар нысандарды инженерлік коммуникациялармен қамту, абаттандыру жайын, сондай-ақ құрылысты салу және пайдалануға беру мерзімдерін егжей-тегжейлі пысықтады. Сонымен қатар, нысандарды салу кезінде қаланың жергілікті кәсіпорындарының, атап айтқанда, жиһаз фабрикаларының өнімдерін пайдалану қажеттілігі айтылды.
Жиын қорытындысымен әкім құрылысты сапалы, мерзімінде аяқтау бойынша жауаптыларға нақты тапсырма берді. Мектептерді заманауи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және жайлы мектептерге білікті мамандарды даярлау мәселелерін шешуді тапсырды.