Шымкент қаласында алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл чемпионатта 14 мемлекеттен 60 спортшы бақ сынасады. Олардың ішінде еліміздің 6 ойыншысы өнер көрсетеді. Аттың құлағында ойнап, құралайды көзге ататын мергеншілер жамбы, түркі, азия, мажар стилдері бойынша жарысқа түседі. Жамбы ату – қазақтың көнеден жеткен ұлттық ойындарының бірі. Жамбы ату үшін мергенге жүйрік ат пен садақ керек. Жамбы алтыннан немесе күмістен құйылады. Ойыншы атпен шауып келе жатып, баған басына жіппен байланып, салбырап тұрған жамбыны садақпен атып түсіреді. Бүгінде қазақтың ұлттық ойыны жаңғыра түсті. Жас жеткіншектер арасында қазақтың төл спортын дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және Жамбы атудан азия федерациясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 14 сәуір күні алғаш рет ересектер арасында жамбы атудан Азия чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті.
Бұл чемпионатта 14 мемлекеттен 60 спортшы бақ сынасады. Жарыста Индонезия, Кувейт, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Оман, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Сауд Арабиясы, Сирия, Таиланд спортшылары өнер көрсетеді. Олардың ішінде өз елімізден 6 ойыншымыз өнер көрсетеді. Аттың құлағында ойнап, құралайды көзге ататын мергеншілер жамбы, түркі, азия, мажар стильдері бойынша жарысқа түседі.