• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 1, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Саясат

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСТІ

22.02.2024
0

Мемлекет басшысы Қазан қаласында алғаш рет өтетін «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне шақырғаны үшін Ресей Президентіне алғыс айтып, бұл бірегей сипаттағы шара екенін атап өтті.

– Шын мәнінде, «Болашақтың ойындары» – IT интеллект пен спорт ұштасқан бірегей формат. Біз мұнда мықты команда әкелдік. Жақсы нәтиже көрсетеді деп үміттенеміз. Жалпы Қазақстанда IT секторы дамып келеді. Біздің өз ойындарымыз бар. Халықаралық деңгейде жарыстар өткіземіз. Ресей Федерациясы дер кезінде қолға алған осы бастаманы жалғастыру үшін келесі «Болашақтың ойындарын» біздің елімізде ұйымдастыруды ұсынамын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Бұл – біздің жаңа жылдағы алғашқы кездесуіміз, Владимир Владимирович. Біз бәріміз Ресейде 17 наурызда өтетін президент сайлауын күтіп отырмыз. Түпкілікті нәтиженің ойдағыдай боларына күмәніміз жоқ. Өйткені Ресей Сіздің беделді басшылығыңызбен таңқаларлық табысқа қол жеткізіп келеді. Шын мәнінде, Сіз өз мәлімдемелеріңізбен, іс-әрекетіңізбен жаһандық күн тәртібін қалыптастырасыз. Бұл біздің ынтымақтастығымызға және Сіздің былтыр қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарыңыз кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Менің ойымша, қос тарап, екі елдің үкіметтері аталған уағдаластықтарды табысты жүзеге асырып жатыр. Қазірдің өзінде нақты нәтиже бар, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Владимир Путин «Болашақтың ойындары» турнирінің ашылу рәсіміне қатысқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Ресей тарапының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті одан әрі күшейтуге бейілді екенін растады.

– Спорт қандай да бір саясаттан тыс болуы керек, сондай-ақ халықтарды жақындастыруға тиіс. Мен мұны бірнеше рет айттым, тағы да қайталағым келеді. Бүгінгі турнирге жүзден астам елден, нақтырақ айтқанда, әртүрлі континенттің 104 елінен көптеген қатысушы келді. Диджитал-спортқа және нағыз дәстүрлі спортқа қызығушылық танытатын жастар қатысып отыр. Ал екіжақты қатынастарға келер болсақ, байланыстарымыз аса маңызды барлық сала бойынша нәтижелі дамып келеді. Былтыр біздің делегацияның Қазақстанға сапары сәтті болды. Біз алдағы даму бағыттарын айқындадық. Әріптестерім маған энергетика, инвестиция және өңірлердегі жұмыстардың қазіргі уақытта қалай жүріп жатқанын баяндайды. Мұның бәрінде жалпы екі ел, жекелеген аймақтар және тұтас салалар үшін өзара мүдде көзделеді, – деді Ресей Президенті.

Сонымен қатар екі ел басшылары өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА — ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨМЕКШІСІ

Айғақ медиа
14.02.2025
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова  Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері...

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
14.02.2025
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымын...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЛАУАЗЫМЫНА НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
06.01.2025
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды.  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы...

ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ

ЕЛІМІЗ 10 АЙДА 48,4 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКА ТАУАРЫН САТЫП АЛДЫ

Айғақ медиа
20.12.2024
0

Қазақстан электр энергетикасы тауарларын сатып алуда 42,6 пайыз импортқа тәуелді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин мәлім етті. — Біздің...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ EURONEWS ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ПЕДРО ВАРГАС ДАВИДТІ ҚАБЫЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ EURONEWS ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ПЕДРО ВАРГАС ДАВИДТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Айғақ медиа
20.12.2024
0

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ➤ Кездесуде Қазақстан мен Euronews...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.