• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

ЖАСТАР ҚАНДАЙ ҚОЛДАУҒА ИЕ?

03.11.2023
0

Шымкенттік жастардың бүгінгі ахуалы қандай? Шаһарда 14 пен 35 жас аралығындағы  381 796 азамат бар. Оларға мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, бірге жұмыс жүргізу бағытына 129 миллион теңге бөлініп отыр. Ол қаржы түрлі сала бойынша жастарды қолдау, психологиялық кеңес беру, NEET санатындағы жастарды жұмысқа орналастыруға бағытталған. Жаңашылдыққа құмар жастар қаласында  бүгінде 5 бағытқа негізделген бірнеше жоба іске асып жатыр. Ал олар тиімділігін көрсетуде ме? Жастар ұйымдарының қоғамға, әсіресе жастарға тигізіп жатқан пайдасын мамандар айтты.

 Миллионнан аса тұрғыны бар Шымкенттің 32 пайызын жастар құрайды. ҚР-ның ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бекітілген жастарға қызмет көрсету бойынша нысаналы индикаторларын орындау мақсатында жалпы 32 әлеуметтік және мемлекеттік тапсырыс негізінде жұмыстар қаралған. Оларды жүзеге асыру барысын қаладағы 4 ауданда орналасқан жастар ресурстық орталығы іске асырады. Келесі жылы жаңа аудан Тұраннан да орталық ашу жоспарланып жатыр. Жастар саясатын іске асыруды 5 бағыт бойынша жүргізіп келеді. Ол туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Мөлдір Кеуенова мәлімдеді.

— Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық бағытында жастар арасында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау жұмыстарына 625 іс-шара ұйымдастырылып, 98 750 жуық жас қамтылған. Жыл соңына дейін 120 000 жуық жасты қамту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағытында 25 қазан – Республика күніне орай «Жас жауынгер» әскери-патриоттық сайысын ұйымдастырылды. «Машат-Арасан» демалыс аймағында өткен әскери жарысқа қаламыздағы 12 мектептен 120 оқушы қатысты. Қатысушылар футбол, волейбол, арқан тарту, садақ ату, 100 метрге жүгіру, АК-74 автоматын бөлшектеп, жинау, пневматикалық винтовкадан ату және кермеге тартылу секілді әскери бағыттағы спорт түрінен бақ сынаған.
Бүгінде қала мектептеріндегі спорт залдар мен спорттық алаңшалар базасын тиімді пайдалану, жаппай салауатты өмір салтына насихаттау бойынша 352 іс-шара ұйымдастырылып, 34 498 жас қамтылған. Жыл соңына дейін 39 000 жасты қамту жоспарланып отыр, -деді ол.
NEET санатындағы жастар. Ағымдағы жылы жұмыссыз жүрген 29 807 жас тіркелген. Оларды оқыту мен жұмысқа орналастыру жоблары нәтижелі іске асып келеді дейді жауаптылар. Мәселен, 2022 жылы пайыздық үлесі 6,1 пайыз болса, ағымдағы жылы 5,9 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ қазір 28 000 бос жұмыс орны бар екен. Оның басым бөлігі техникалық мамандықтарда, -деді, Мөлдір Тұрсынбекқызы.
«Жастарды жұмысқа ынталандыру, жұмыспен қамту және жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау бағытында жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жыл соңына дейін 8 200 жасты қамту жоспарланған.
2023 жылдың 1 қазанына дейін 22 355 адам жұмыспен қамту мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органға жүгінген.
Қазіргі таңда, 18 823 адамның өтініші қанағаттандылырып, жұмыспен қамтылды. NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу мақсатында жұмыссыз жүрген 29 807 жастың тізімі жасақталып, оқуға түсу және жұмысқа орналасу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде»,-деді Мөлдір Тұрсынбекқызы.
Айта кету керек, Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Мобильді топпен» жастарды нәтижелі жұмыспен қамту мақсатында «Жастар практикасы», «Ақылы қоғамдық жұмыс», «Алғашқы жұмыс орны», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламалары бойынша базарларда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылған.
Қаламызда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жергілікті 9 базарда және шалғай елді мекендердің жастарына ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жалпы 12 000 жуық жас қамтылған.
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағытында волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған «Birgemiz», «Bilim», «Менің жасыл қалам», «Birgemiz: Asylmura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Барыңмен бөліс» жобалары аясында оңалту орталықтарына және бейімдеу орталықтарына, қарттар үйлеріне, әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қала бойынша волонтерлік бағытта 261 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты іс-шаралар өткізіліп, оған 8596 жас қамтылды. «Жас сарбаз» оқушы жастарға 2 күндік әскери патриоттық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, шамамен 500-ге жуық оқушы жастар қамтылды.
 Жастар – жеке тұл­ға болып қа­лыптасып келе жат­қан азаматтардың ең әлсіз буыны, осыған байланысты олар қо­ғамдық өмірде әлеуметтік және психологиялық күйзеліске жиі ұшырайды. Әлеуметтанушылар осылай дейді. Сондықтан, олардың тұлға болып қалыптасуында қоғамның, психологтың көмегі көп керек. Аталған жағдай бойынша, Басқарма тарапынан нашақорлық пен маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ, «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда кең ауқымды кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта жүруі бойынша 14 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда басқарма жастар арасындағы нашақорлық, маскүнемдікпен күресу үшін бірлескен түрлі шараларды орындауда. Есірткімен күрес бойынша акциялар шаһардың бірнеше ауданында өткен. Жастар – елдің болашағы деген ұранды сөз айтылып, мемлекет тарапынан жұмыстар атқарылып жатыр. Берілген мүмкіндікті әбір жас пайдаланып, болашағының кірпішін қалау  өз қолдарында.

 

Previous Post

ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІ АРТУДА

Next Post

МЕРЕКЕДЕГІ МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.