Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»28 048 БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ
    Білім

    28 048 БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.09.2023178 Views

    Жаңа оқу жылында  Шымкенттегі білім ұясының табалдырығын 28 048 бала аттады. 1-сыныпқа қабылданып, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты.  №65 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда 1 қыркүйек – Білім күніне арналған алғашқы қоңырау мерекелік іс-шарасы өтті.

    Мектеп-гимназияға 250 бүлдіршін қадам басты.  Сондай-ақ, бұл мектептен  600 орындық жаңа ғимарат салынды. 24 оқу кабинеті, 260 орындық асхана, спорт залы, футбол және баскетбол алаңдары, информатика мен ағылшын лингафон кабинеттері, заманауи кітапхана қосымша қолданысқа берілді. Енді бұл мектептке 1000 оқушы білім алатын болады.

    Жалпы қала көлемінде 2025 жылға дейін 54 мектеп салу жоспарда бар. Биылдың өзінде 18 500 орынға арналған 18 мектеп пайдалануға тапсырылуда. Нәтижесінде үш ауысымда оқитын 4 мектептің мәселесі толығымен шешілді. 2023 жылға 9 мекеменің ғимараты күрделі жөндеуден өтті. Балалардың сапалы біліммен қамтылуы үшін жан-жақты шаралар атқарылып жатыр. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарына 100% арнайы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау жүйелері, турникеттер, дабыл батырмалары орнатылып, Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылды. Сондай-ақ І-дәрежелі мамандандырылған күзетпен келісім-шарт түзілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.