Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ 4,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
    Айғақ TV

    ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ 4,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.09.2023Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан халқына қоғамдық қоры Шымкентке 4,7 млрд теңге аударған. Ал, қор құрылған екі жылдың ішінде азаматтар 156,9 млрд теңге салыпты. Бұл қаржының басым бөлігі денсаулық сақтау саласына жұмсалуда. Мәселен, мегаполистегі күрделі аурумен ауыратын 50 науқастың дәрі-дәрмегіне 4,5 млрд теңге бөлінген.

    Қор мәліметінше бүгінгі таңда медицина, білім беру, спорт,  әлеуметтік қолдауды қоса алғанда, 6 бағытта 35-тен астам қайырымдылық бағдарламасы іске асырылуда. Екі жыл ішінде 40-тан астам жобаны іске асырған қоғамдық қор жоғарыда атап өткеніміздей, негізгі басымдықты денсаулық саласына бөлген. Қорға түскен қаражаттың 60 пайызы осы салаға бөлінеді. Дөңгелек үстел барысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева қордың қайырымдылық бастамалары мен Шымкент қаласында іске асырылған жобалар туралы айтты.

    Басқосуға қала әкімінің бірінші орынбасары, жергілікті атқарушы органдар, мәслихат депутаттары мен жұртшылық өкілдері қатысты.
    Төраға орынбасары керекті білім, медицина, оңалту орталықтары секілді нысандарға жерді бөлу, құрылысты жүргізу жергілікті жердің әкімдігі тарапынан жүргізілетінін баса айтты.

    Қоғамдық қор білім саласына 20 млрд, арнайы білім ұяларына 1,1 млрд бөліп отыр. Сондай-ақ, 2024 жылдың соңына дейін 14 өңірде 76 спорт нысанын салуды жоспарлаған. Қордың көмегімен өңірлерде нейрохирург мамандарды оқыту және медициналық технологиялар трансферті арқылы балаларға нейрохирургиялық қызмет көрсетуге мүмкіндік жасалуда.  Яғни, балаларға нейрохирургиялық ота бұрындары ірі қалаларда ғана жасалса, енді өңірлерде жасалады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.