«Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі». Дәл осы атаумен өткен іс-шара Президенттің соңғы Жолдауымен тікелей байланысты. Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттер үйінде ұйымдастырылған шара гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталды.
Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы және Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы бірігіп ұйымдастырған жиында қыздар арасындағы әлімжеттік, ертежүктілік, денсаулық, өмір қауіпсіздігі жайында маңызды ақпараттар берілді. Жиынға Шымкент қаласы іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, Шымкент қалалық полиция департаментінен полиция аға лейтенанты, №3 қалалық емханасының психолог маманы қатысып, студенттерді мазалаған сұрақтарға жауап берді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ақпарат беріп, оларды ересек өмірде дұрыс жолға бағыттау – біздің мақсатымыз. Қыздар арасында жат қылықтардың алдын алу, тәрбиелі, білімді болып, гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрет. Өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру, инабатты болып өсуге баулуда мамандардан дұрыс ақпарат алды. Жиын соңында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сабағын ұсынды.
«Айғақ» ақпарат