2023 жылдың мамыр айында үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік беретін ресубликалық «Еңбек жолы» конкурсы басталған болатын. Конкурс ережесінің талаптарына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша өңірлік деңгейде іріктеу жұмыстары жүргізіліп, «Еңбек жолы» конкурсына жалпы 38 үміткер қатысуға ниет білдірген. Қазіргі уақытта аталған конкурс қорытындыланып, жеңімпаздары анықталып отыр. Алдағы 21 қыркүйек күні «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын, еңбек ардагерлерін, өндіріс озаттарын және өзгеде бағыт бойынша марапаттау рәсімдері өтеді деп күтілуде.
Шымкент қаласы бойынша 15 қыркүйектен бастап Азаматтардың барлық санаттарына, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға, жұмыссыз жастарға және т.б. жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша бос орындар жәрмеңкелері, Ашық есік күндері өтеді. Бұдан бөлекте іс-шаралар бар. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы қажет екенін алға тартты. Осы аталған басымдықты іске асыру мақсатында Үкімет «Қоғамда еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекітіп, қоғамымыздың барлық салалаларында тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.
«Айғақ» ақпарат