Үшінші мегополисте «Шымкент Номад Фильм Фест» қысқаметражды фильмдер фестивалі өтті. Байқауға 30-ға жуық қатысушылар кино туындыларын ұсынып, оның ішінен 12 кино іріктеліп алынды. Киногер жастар «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны», «Туризм саласын насихаттау», «Патриотизм» мен «Мотивациялық бағыт», «Спорт саласын насихаттау», «Отбасы құндылықтарын насихаттау» мен «Жемқорлыққа қарсы» бағытындағы шығармаларын ұсынды. Көрермендердің жанарын жаулап, үздік туындыларымен көзге түскен шығармашыл жастар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, байқау өткізудегі басты мақсат – қаламыздағы киноиндустрия саласына үлкен мән беріп, жас таланттарға қолдау көрсету болып отыр.
ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...










