Шымкенттегі «Дур Плаза» сауда-үйінде өрт қауіпсіздігінің тактикалық-оқу жаттығу жиыны өтті. Профилактикалық шара барысында, өрт сөндіруші мамандар техникалық іс-қимылдарын пысықтап, тәжірибелерін сынға салды. Сауда орталығындағы шартты апатқа Өрт сөндіру департаментінің 10-нан аса техникасы жұмылдырылды. Өрт тактикалық жаттығудың жоспарына сәйкес, бутиктерлің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шықты. Өрттің жоғарғы қабаттарға таралу қауіпі туындады. Осы сәтте, «Дур Плаза» сауда үйіні қызметкерлері «101» қызметіне хабарлайды. Сосын «Өрт тактикалық жаттығу орнына күштер мен құралдар гарнизонның шығу кестесіне сәйкес жөнелтілді. Шартты өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 В Құрайтын электр желісі өшірілді. Өрттің таралуына жол берілмей, шартты өрт уақытылы сөндірілді.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










