Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРДЫҢ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҒАДЫ
    Жаңалықтар

    «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРДЫҢ» ҚАТАРЫ ТОЛЫҒАДЫ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа21.06.2023Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласы мәслихатының кезекті төртінші сессиясында 23 мәселе қаралды. Депутаттар әкімдіктің құрылымын кеңейтіп, жаңа бвсқарма құру, «Құрметті азамат» беру , баспана, бюджет, қоғамдық көлік секілді мәселелерді көтерді. Қолдау тапқан ұсыныстар бір ауыздан мақұлданып, қорытынды шешім шығарылды.
    Сегізінші шақырылымдағы кезекті төртінші сессияға әдеттегідей әкімдік мүшелері, аудан әкімдері,құқық қорғау өкілдері, тиісті басқарма басшылары және БАҚ қызметкерлері қатысты. Маңызды кездесу тікелей трансляция арқылы көрсетіліп, регламентке сай күнтәртібіне енгізілген 23 мәселе талқыланды. Аталған мәселелер бұған дейін өткен бірлескен тұрақты комиссия отырысында зерделеніп, қаралған болатын. Бүгінгі сессияда ең алдымен 2022 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы баяндама тыңдалып, 2023-2025 жылдарға арналған нақтыланған қала бюджеті қабылданды. Сондай-ақ, мәслихаттың қолдыныстағы қабылданған шешімдеріне және нормативтік актілерге сәйкесінше өзгерістер енгізілді.
    Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұлов қала күні қарсаңында 12 тұлғаға мегаполистің Құрметті азаматы атағын беру туралы ұсыныс жасады. Ал, депутаттар өңіріміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды бұл атаққа лайық деп санап, ұсынысты бір ауыздан қолдады.
    Күн тәртібіндегі маңызды шешім — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің тапсырмасына сәйкес, «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс» басқармасын құру мәселесі болды. Одан бөлек, қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов өңірдегі 19 және 26 автобустардың санын арттырып, келу уақытын жиілету керектігін ұсынды.
    Ал, Қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Өз баяндамасында жастарға уақытша бес жылға берілетін баспаналарды иппотекалық бағытта өздеріне қалдыру жұмыстары қаралып жатқанын айтты.
    Жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Қуаныш Жұмабекұлы мәселклердің маңыздылығын атап өтті. Жиын соңында мәслихат төрағасы Бахвдыр нАрымбетов сессияны қорытындылады.

    Айғақ-ақпарат

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.