Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ДАНАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
    Жаңалықтар

    ДАНАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.05.2023177 Views

    Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.

    Биыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына – 45 жыл толып отыр. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған.

    Жасөспірімдер кітапханасы 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 17- 29 жас аралығындағы жастарға, олардың тәрбиесімен айналысатын ұстаздар мен тәрбиешілерге, басқа да оқырмандар категорияларына қызмет көрсететін ірі мәдени-ағарту, білім беру, ақпараттық орталық болып табылады.

    Кітапханадағы кітап қоры 174 мың, жылына 24 мыңнан астам кітапсүйер оқырманға ұсынылады.

    Жасөспірімдер кітапханасы – бұл даналық қазынасы. Кітапхана қызметкерлері жас оқырмандардың бірнеше ұрпағын өсіріп, жастарды тәрбиелеу үшін үлкен жұмыс атқаруда. Кітап дәуір мен ғасырдың арасын жалғастырса, кітапхана қызметкері кітап пен оқырман арасын жалғастырушы дәнекер.

    Еліміздің ертеңі, өскелең ұрпағымыздың кітап оқуға құштарлығын оятып, рухани сусындап, әдеби-мәдени ой өрісін ертеден қалыптастыру мақсатында «Әжемнің ертегісі» жобасы бойынша іс-шаралар өтеді.

    Кітапханада жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқу үрдісін жаңғырту мақсатында «Кел сырласайық, қыздар!», «Жақсы адаммен жарты сағат», «Айна» мүдделестер клубы жұмыс істейді.

    Кітапханада 3 веб сайт оқырман үшін қызмет көрсетеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.