• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Шымкент

Балалардың терезеден құлап кетуіне қалай жол бермеуге болады

24.04.2023
0

Соңғы уақытта көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлау жағдайлары жиілеп кетті. Мәселен, өткен аптада ересектердің қарауынсыз қалған 6 бала терезеден құлап кетті. Балаларды қараусыз қалдыру және терезелерді ашуға қарсы қорғаныс құралдарының болмауы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері болып табылады,деп хабарлайды

ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. Көбінесе қайғылы жағдайлардың себептері ата-аналардың кіші балаларын қарау жауапкершілігін үлкен балаларына жүктеу, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін елемеу және москит торларына сену болып табылады. Өйткені, көбінесе балалар оларға сүйеніп, тормен бірге терезеден құлап кетіп жатады, бұл жазатайым оқиғаларға әкеледі. Москит торы қайғылы жағдайдың жиі кездесетін себебі болып табылады, өйткені бала ешқандай қауіп жоқ деп ойлап, терезеге еркін сүйене береді. Москит торлары баланың салмағын ұстап тұруға арналмағанын есте ұстаған жөн.

2023 жылғы 17 сәуірде Ақмола облысының Қосшы қаласында бес қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалып, 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, үй иесінің 2018 жылы туған ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

20 сәуірде Алматы қаласында ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, пәтер иелерінің 2019 жылы туған ұлы ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды.

21 сәуірде Астана қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен баланың құлау фактісі тіркелді. 2020 жылы туылған бала ересектердің қарауынсыз қалып, 4-қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, 23 сәуірде Қарағанды және Балқаш қалаларында 5 қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен 2 бала құлап кетті. Ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған балалар 2-қабаттағы пәтерлердің терезелерінен құлап, орташа жағдайда медициналық мекемелерге жатқызылды.

Түркістан облысында бір бала жеке тұрғын үйдің ауласындағы дәретханаға құлау түскен. Үй иесінің 2021 жылы туған ұлы ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда ауладағы дәретханаға құлап түсіп, қайтыс болды.

Осыған байланысты ТЖМ еске салады:

— Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

— Балалар бар пәтерде терезелер арнайы қорғаныс құрылғыларымен жарақталуы керек;

— Терезе тұтқасын бала өздігінен аша алмайтындай етіп құлыптаңыз;

— Баланың терезеге шығуына жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алысқа қойыңыз;

— Баланы терезенің алдында тұруға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеңіз, себебі бала сіз болмағанда оны қайталауы мүмкін;

— Балаларға ересек адамдарсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз;

— Есіңізде болсын, москит торы баланы құлаудан құтқармайды.

Балалардың қауіпсіздігі тек сіздің қолыңызда!

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 телефоны бойынша құтқару қызметіне хабарласыңыз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.