Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлем»ШЫМБҰЛАҚ КУРОРТЫ «ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК ТҮНГІ ТАУ ШАҢҒЫ ТРАССАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ
    Әлем

    ШЫМБҰЛАҚ КУРОРТЫ «ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ БИІК ТҮНГІ ТАУ ШАҢҒЫ ТРАССАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.03.2023450 Views

    Шымбұлақ курорты «Әлемдегі ең биік түнгі тау шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енді.

    Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет жіне спорт министрі Асхат Оралов қатысты.

    «Кешегі күн Қазақстан футбол құрамасының Дания құрамасына қарсы ойындағы тарихи жеңісімен ғана емес, сонымен қатар жаңа әлемдік рекордпен де есте қалады. Шымбұлақ — әлемдегі түнгі ең биік тау шаңғысы курорты ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

    Бұл нәтиже Шымбұлақтың ең биік нүктесінде, теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте орналасқан «Талғар асуы» станциясында тіркелді. Дәл осы жерде салтанатты рәсім өтті.
    Мен іс-шараға жиналған мегаполис тұрғындары мен қонақтарының алдында сөз сөйледім. Ал Гиннестің рекордтар кітабының ресми судьясы Шейд Субаши трассаның барлық талаптарға сәйкестігін растай отырып, тарихи нәтижені тіркеді.

    Содан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары рекорд тіркелген тау баурайынан төменге жаппай сырғанап түсті.
    Шымбұлақ — жыл сайын миллиондаған қонақ келетін еліміздің басты туристік бағыттарының бірі. Бұл жердің біз барлық жағынан дамытқымыз келетін үлкен әлеуеті бар. Жаңадан тіркелген рекорд мәртебесі тау шаңғысы курортын әлемде теңдесі жоқ бірегей орынға айналдыратынына сенімдімін.

    Мен Алматы тұрғындары мен қазақстандықтарды осы жетістікпен құттықтаймын. Біздің елде көптеген тамаша орындар бар. Сол себепті мен алдағы уақытта жаңа рекордтардың куәсі болатынымызға сенемін»,- деп жазды министр өзінің Фейсбук парақшасында.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.