
ҚазАқпарат – Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған 7 елдегі, соның ішінде Қазақстан, Португалия, Ұлыбритания және Ирандағы Төтенше және өкілетті елшілерін ауыстырды.
«Президент Режеп Тайип Ердоған қол қойған құжаттың мәтіні бейсенбі күні үкіметтің ресми басылымы – Resmi Gazete-де жарияланды.
Шешімге сәйкес, Астанадағы елші Уфук Экиджи Түркияның Луандадағы дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды.
Оның орнына Мустафа Капуджу тағайындалды. Ол бұған дейін құқықтық қызметтер жөніндегі басқарманың бас директоры лауазымын атқарды», — делінген Анадолы мәліметінде.
Фото: aa.com.tr
ҚазАқпарат