Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ
    Бас ақпарат

    ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ ЖАҢА ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕДЕЛДЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2023144 Views

    Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жоспарланған бағдарламадан бөлек, бірінші кезекте қалалық әуежайдың жай-күйімен танысып, жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.

    Әлихан Смайылов Шымкент Шығыс пен Батыс арасындағы көлік қозғалысының түйіскен жерінде орналасқан еліміздегі үшінші ірі мегаполис екенін атап өтті. Бұл өз кезегінде тікелей және транзиттік рейстерді орындауға ыңғайлы жағдай жасайды.

    Сонымен қатар Премьер-Министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.

    «Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек», — деді Әлихан Смайылов.

    Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80%-дан астамға аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға беріледі. Қала басшысының айтуынша, бұл республикадағы ең ірі терминалдардың бірі болмақ.

    Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.