Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ШЫМКЕНТТІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
    Жаңалықтар

    ШЫМКЕНТТІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛ ЖАСТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.11.2022185 Views

    Шымкентте 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «Smart student» сайысының жеңімпаздары марапатталды. Жоғары оқу орындарында өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға бағытталған сайысты қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырып отыр.

    Бүгінгі мерекелік басқосуға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Айсұлу Ерниязова, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов және шаһардағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

    Жиында алғаш сөз алған ведомоства өкілі студенттерді мерекемен құттықтап, жастарды толғандырған кез келген мәселені ашық талқылауға дайын екенін жеткізді.

    –Біз күні кеше Түркістан қаласында министрлік жанындағы студенттер кеңесінің алғашқы отырысын өткіздік. Еліміз бойынша 80-нен астам ЖОО-ның студенттерімен бірлесе бірқатар мәселені талқыладық, ұсыныстарын тыңдадық. Алдағы уақытта осы ұсыныстар негізінде ауқымды жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бүгінгі күннің өзгерісін қалыптастырушы студент жастар екенін ескеріп, біз олардың барлық ұсынысы мен мәселесіне ашықпыз, — деді министрлік өкілі.

    Қалада ЖОО арасында өзін-өзі басқару жүйесін енгізу үшін қыркүйек айынан бастап студенттер арасына интеллектуал ойындар ұйымдастырылды. Жастар арасында пікірлесуді қалыптастыратын іс-шараларда көшбасшы студенттер өздерінің белсенділігін көрсетіп, тәжірибе алмасқан.

    –Қазір қаламызда 240 мыңнан астам жас бар. Жастар саясатын кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін «Smart student» секілді ауқымда жобалар іске асырылып жатыр. Мұндай жобалар жастар үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Жастар табанды еңбек етіп, қаламызды гүлдендіруге, «Әділетті Қазақстанды» құруға белсене атсалысатын болса, еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Сіздердің студенттік шақтарыңыз Қазақстанның тарихи кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен елде ауқымды реформалар қолға алынып, халқымыз ашық, әрі әділетті қоғам құру идеясы төңірегінде топтасуда. Елдің жаңғыруы сіздерге тамаша мүмкіндік ұсынумен бірге, зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді интелектуалды жобаларда белсенділік танытудан тайсалмауға шақырамын. Бүгінгі жоба жеңімпаздардын шын жүректен құттықтаймын, — деді Мұратжан Шүкірханұлы өз құттықтау сөзінде.

    Мұнан кейін басқарма басшысы жобаға белсене атсалысқан жастар мен жеңімпаздарды марапаттады. Сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Академик Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті иеленсе, ІІ орыннан Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы көрінді. Ал жүлделі І орынды Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университеті қанжығалады. Барлық жеңімпазға диплом мен қаржылай сыйлық табысталды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.