Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»СПОРТҚА БЕЙІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР БОУЛИНГ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ⁣⁣⠀
    Айғақ MEDIA

    СПОРТҚА БЕЙІМ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР БОУЛИНГ ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ⁣⁣⠀

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа17.11.2022Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Шымкент қаласында «Special Olympics Kazakhstan» жоба аясында боулингтен турнир басталды. Бұл ерекше білімді қажет ететін балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған ең ірі спорт ұйымы. Арнайы Олимпиаданың миссиясы – зияткерлік дамуында ауытқулары бар балалар үшін әртүрлі олимпиадалық спорт түрлері бойынша жыл бойы жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру. ⁣⁣⠀Республика көлеміндегі бұл ойынға Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан қатысушылар жиналды.⠀⁣⁣⠀


    ⁣⁣⠀    Турнирдің ашылу салтанатына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қатысып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі. ⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    —⠀Оқу-ағарту министрлігінің тікелей басшылығымен барлық білім ұясында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында көптеген спорт түрінен жарыстар өтеді. Ал бүгінгі атаулы ойында ерекше балалар ойын көрсетеді. Олардың мұндай сайысқа қатысқанының өзі ерлік. Сайысқа оқушыларды тыңғылықты дайындаған ұстаздардың еңбегі көңіл қуантады. Барлық спортшылар биік тұғырдан көрінуге лайық, — деді Жанат Тәжиева. ⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    Мүмкіндігі шектеулі балалар⠀арасында боулингтен республикалық турнирге Шымкент қаласы әкімдігі, Шымкент қаласының білім басқармасы, «GALAXY BOWLING» ойын-сауық орталығы, «Визит»ЖАҚ,⠀«Sity» қонақ үйі қолдау білдірді. Мұндағы мақсат – қатысушылардың спорттық жетістіктері арқылы өзіне деген сенімділік пен өзін-өзі қорғауды дамыту. Бұл өз кезегінде әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді, жұмыс мүмкіндіктерін ашады және нәтижесінде қоғамға көбірек қатысуды қамтамасыз етеді.⁣⁣⠀


    ⁣⁣⠀
    — Боулингтен жарысу — балаларға қай жағынан алып қарасақ та өз көмегін тиігізері анық. Сайысқа келген балалардың өздері арнайы әлеуметтік қызмет орталығынан болғандықтан, сыртқа көп шықпайды. Сондықтан олар осындай жарыстар арқылы бір серігіп, қоғамның мүшесі ретінде сезінеді. Алдағы уақытта ауқымды ойындар болады деп үміттенеміз.. Бұдан бұрын да атлетикадан өткен сайыста екінші орынды иеленгенбіз,-деді Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерік Аусанұлы. ⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀
    «Special Olympics Kazakhstan» Шымкентте екі күнге жалғасады. Сайыс 8 және одан жоғары жастағы жасөспірімдерге арналған. Бұл ойын жыл бойына өтетін спорттық бағдарлама. Оған 2,25 миллионнан астам спортшы қатысып, 170 елде 30 олимпиадалық спорт түрі бойынша спортшылар жергілікті, аймақтық, ұлттық және Дүниежүзілік ойындарда өз шеберлігін көрсеткен болатын.⁣⁣⠀
    ⁣⁣⠀

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.