Биыл күзгі жиын-терім науқанында 94 мың 320 тонна өнім жиналды. Бұл ретте, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің өтінімдеріне сәйкес күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 1 000 тонна дизель отыны бөлінген. Сонымен қатар, тыңайтқыштар құнын субсидиялауға 122,1 млн теңге қарастырылып, бүгінде 91 млн теңгеге 752,4 тонна тыңайтқыш субсидияланған. Бұл туралы Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары мәлімдеді. Спикердің сөзінше, осы жылы 30 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артқан.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










