Шымкентте күзгі әскерге шақыру науқаны қызу жүріп жатыр. Бірінші қыркүйектен бастап 18 жасқа толған азаматтар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық комиссиядан, психологиялық тесттерден және жеке әңгімелесуден өтуде. Биыл мегаполисімізден 800-ден астам ер-азаматты шақырту жоспарланған.










