SCAT әуекомпаниясы өздерінің 25 жылдық меретойына орай өзінің жолаушыларының арасында байқау ұйымдастырып бағалы сыйлықтар ұсынуда. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайтында жарияланды.
Хабарламада, «25 жыл бойы, әр күн сайын және әр секунд сайын біз жылдам, сіздер қауіпсіз және жайлы саяхаттау үшін жұмыс жасаймыз. Біз бірге туыстарымызға ұшамыз, іссапарлар жасаймыз және демалысқа шығамыз.
Біз сіздердің әрқайсыңызға осы 25 жыл ішінде SCAT таңдағаныңыз үшін ризамыз және әрқайсыңызға компаниядан қалаған жүлдені ұтып алу мүмкіндігін сыйлағымыз келеді.
SCAT әуекомпаниясының 25 жылдығына орай біз сіздің байқауға қатысу мүмкіндіктеріңізді шектегіміз келмейді. Әуекомпанияның мерейтойлы жылында 2022 жыл ішінде әуекомпанияның кез келген рейсінде ұшу жасаған әрбір жолаушы жылдың басты конкурсының қатысушысы болады.
Сіз қай рейспен ұшқаныңыз маңызды емес, күн сайын немесе жылына бір рет саяхаттағаныңыз маңызды емес және осы жылдың қай кезеңінде ұшқаныңыз маңызды емес. Тек бір ғана нәрсе маңызды-сіз біздің жолаушымыз болғаны. Сіздердің әрқайсыңыз SCAT әуекомпаниясының мерейтойлық жүлделерінің кез келгенін ұтып ала аласыз!» делінген. Байқауға қатысу туралы ережелермен толығырақ компанияның ресми сайтынан көре аласыздар.











