Қазақстанның жас шахматшысы Зарина Нұрғалиева Румынияда өткен 14 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.Бұл туралы Facebook-те Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жазды.
Сондай-ақ чемпионатта Қазақстан атынан Қазыбек Нөгербек 18 жасқа дейінгі санатта күміс медальді, ал Ансат Алдияр 14 жасқа дейінгі санатта қола медальді еншіледі.
Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 14, 16 және 18 жасқа дейінгі жас санаттар бойынша бейресми медальдық есепте әлемнің 72 елінің арасында екінші орынға орнықты.
Zakon.kz










