Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»МАҚТАНЫҢ 1 ТОННАСЫ — 374 МЫҢ ТЕҢГЕ
    Айғақ MEDIA

    МАҚТАНЫҢ 1 ТОННАСЫ — 374 МЫҢ ТЕҢГЕ

    Айғақ медиаАйғақ медиа14.09.20221 340 Views
           Еліміздегі ақ мақтаны өсіретін бірден бір өңір — Түркістан облысында мақта терімі басталды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл облыста мақта дақылының егіс көлемі 126,3 мың гектарды құрады. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 27,3 центнерден 333,4 мың тонна жиналады деп болжануда. Бүгінгі күнде Жетісай, Мақтаарал аудандарында жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілуде (2,1 мың га, 19,7 ц/га 4,1 мың тн). Қолда бар 595 бірлік комбайндардың 92%-ы жиын терім жұмыстарына дайын. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді.
              Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы 320 мың теңгеден қабылданды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді.
    Бүгінгі күнге мақта бағасының 1 тоннасы 374 мың теңгені құрады.
    Шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік мақта қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күнде зауыттар тарапынан тауар өндірушілерге жиын-терім жұмыстары үшін 150 – 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасалуда.
    Мемлекет тарапынан күзгі жиын терім жұмыстарына 48 мың тн. жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) және 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 %-ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.