Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «БИЗНЕСТІ ЖҮРГIЗУ ЖЕҢIЛДIГI» РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ РЕТ КӨШ БАСТАДЫ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ «БИЗНЕСТІ ЖҮРГIЗУ ЖЕҢIЛДIГI» РЕЙТИНГІНДЕ ЕКІНШІ РЕТ КӨШ БАСТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа13.09.2022180 Views
         Өңiрлер арасындағы жыл сайын жүргізілетін «Бизнесті жүргiзу жеңiлдiгi» рейтингінің соңғы қорытындылары бойынша Түркiстан облысы екiншi жыл қатарынан бизнестi жүргiзу үшiн үздiк өңiр болып танылды, деп хабарлайды.  Бұл рейтинг 50% статистикалық көрсеткіштерден, 50% кәсiпкерлермен жүргізілген сауалнама көрсеткіштерден тұрады. Түркістан облысында кәсіпкерліктің саны артып, 160 мыңға жетті. Алдыңғы қатарда. Облыс аграрлық өлке болғандықтан, кәсіпкерліктің басым бөлігі осы салада қызмет етеді. Сауда, туризм, қызмет көрсету және өндіріс салаларында даму қарқынды.
    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту туралы баяндалды. Бизнесті қолдау бойынша мемлекеттiк бағдарламалар кәсiпкерлер үшiн қолжетiмдi Мемлекеттiк бағдарламаларды кәсiпкерлерге түсiндiру және бизнесті осы бағдарламаларға қатыстыру үшiн тұрақты түрде аудан және қалаларда семинар-кездесулер өткізілуде. Нәтижесiнде бағдарламаларға қатысушылар саны артқан. Шағын кәсіпкерлікті ары қарай дамыту үшін облыс әкіміне бірнеше жаңа жоба ұсынылды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды оларды жан-жақты сараптауды тапсырды.
          «Қарапайым заттар экономикасымен» қоса «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы кәсiпкерлер арасында сұранысқа ие. Биыл бағдарлама бюджетi 57%-ға артып 9,6 млрд. теңгеге жетті. Несиелерді субсидиялау арқылы 12,7 млрд. теңгеге кәсіпкерлер жеңілдетілген 6%-бен несиеленді. Сонымен қатар 5,5 млрд. теңгені құрайтын несиелер «Даму» қоры арқылы кепілдендірілді. Бюджеттен бөлінген қаржы шеңберінде кәсіпкерлерді жыл соңына дейін 25 мрлд. теңгеге несиелеу мүмкіндігі бар.
    Инвестиция тарту жұмыстары облыс әкімінің ерекше бақылауында. Облысқа тартылған биылғы инвестиция көлемі 773 млрд. теңгеге жетпек. Жекелей инвестиция тартудың қарқынын арттырып, белгіленген жоспарды жүзеге асыру үшін аудан, қала әкімдері жұмысты күшейтуі тиіс. Облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың жаңа тетігін енгізіп, негізгі капиталға құйылатын инвестициялар бойынша нысаналы индикаторларды орындай алмағандар басшылық орнын босатуға дайын болуы тиіс екенін ескертті.
          – Инвестиция тартуды жандандыру керек. Алдағы жылдарға нақты меже бекітілген. Сол жұмыстарға бар күшті салыңыздар. Қол қусырып отыратын болсақ, бүкіл жұмысымыз бюджетке қарап қалады. Жалпы ивестиция өсімін орындау – басты мақсат. Тапсырылған әрбір индикатор орындалуы тиіс, – деді Д.Сатыбалды.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.