«Ақорда» резиденциясында Рим Папасы Францискті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды БОРТ№1 телеграм каналы.
Құрмет қарауылының бастығы елдер көшбасшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Ватиканның әнұрандары шырқалды. Содан кейін Президент пен Рим Папасы келіссөз жүргізу үшін «Шығыс» залына өтті.










