
Орынов Ғалымжан Қалдыкөзұлын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Ғалымжан Қалдыкөзұлы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы лауазымында қызмет атқарған 3 жылдан астам уақыт ішінде, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер көлемінің артуына еңбек етіп, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қызмет атқарған жылдары аймақтағы мемлекеттік кірістер органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, салық төлеушілердің құқықтары мен мүдделерінің сақталуына айрықша назар аударды.
aqmeshit-zhastary.kz










