Қазақстандық Мария Боровкова Венгрияда ескек есуден жастар арасында өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметті.
Отандасымыз каноэ(жалғыз) жарысында 1000 метр қашықтықта алтын алды. Мария 4:35.69 — C1 (18 жасқа дейін) нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті.
Айта кетейік, Мария 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.










