Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАНДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫНА САРАЛАНҒАН ТАРИФ БЕКІТІЛДІ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАНДА ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫНА САРАЛАНҒАН ТАРИФ БЕКІТІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.08.2022401 Views

    Дизель отыны, Энергетика министрлігі

        ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда дизель отынына сараланған тариф енгізу жоспары туралы айтты.

         ⛽️ Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Абай ауданында:
    — Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 260 теңге;
    — Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігін және Қазақстан Республикасында шығарылған жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған көліктерге және автобустарға техникалық төлқұжатын көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 260 теңге;

        ⛽️ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында:
    — Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасында берілген жеке куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 230 теңге;
    — Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлігін және Қазақстан Республикасында шығарылған жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған көліктерге және автобустарға техникалық төлқұжатын көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 230 теңге;
    — белгіленген көлемнен жоғары немесе сатудың басқа жағдайлары үшін — литріне 450 теңге.

       Болат Ақшолақов мемлекет басшысы транзиттік көлік пен шекара периметрі бойынша сараланған бағаларды әзірлеу арқылы дизель отынының тапшылығын болдырмау міндетін қойғанын еске салды.

          Министрлік дизель отынының сараланған бағасын қарастыратын бұйрық жобасын әзірледі. Бағалар тұрғылықты жеріне, тұтыну көлеміне және көлік түрлеріне байланысты сараланады. Бұл бағыттағы жұмысты мүдделі мемлекеттік органдармен және тараптармен бірлесіп жалғастырамыз. Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

    zakon.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОТБАСЫ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.