Бүгінде банктер жаңа қызметтерді енгізу және өзінің экожүйесін кеңейту арқылы онлайн-өнімдерін белсенді түрде дамытуда.
Егер күні кеше тұтынушылар тіпті аз мөлшерде қолма-қол ақша алу үшін банк бөлімшелеріне баруға мәжбүр болса, бүгінде жеке қаржыны смартфон арқылы басқаруға болады. Бұл ретте сіздің банктің бірнеше жыл немесе бірнеше минут клиенті болуыңыз маңызды емес.
Қызметтердің жоғары сапасы, қызмет көрсетудегі жеделдік – енді тұтынушылардың басты талаптары емес.
Өткен жылдардағы оқиғалар көрсеткендей, тауарлар мен қызметтер қолжетімді болуы тиіс. Банктер бұл істе қандай жетістіктерге қол жеткізгенін 1,5 жыл ішінде Қазақстандағы үздік экожүйелердің бірін құрған Jusan Bank мысалында айтып береміз.
Қолжетімділік
App Store немесе Play Market арқылы Jusan мобильді қосымшасын жүктегеннен кейін сіз тіркеліп, виртуалды картаны ашасыз. Содан кейін пластик картаға өтінім бермей-ақ, төлем жасай беруге болады. Мұны жалақы картасы ретінде және басқа қажеттіліктер үшін пайдалануға болады. Ол мультивалюталы саналады, яғни өз ақшаңызды теңгемен, америкалық доллармен және евромен басқара аласыз. Мобильді қосымшада Ресей рублін қосуға да болады.
Бонустар
Карта иесі клиенттердің деңгейіне және бір ай ішінде жұмсалған сомаға байланысты 0,5-тен 2%-ке дейін бонустардың жинақтаушы жүйесіне қол жеткізе алады. Бұл – көптеген екінші деңгейлі банктердің стандартты шарттары. Алайда, Jusan-да клиенттер тауарлардың төрт бағытын таңдап, олар бойынша жоғары бонустар ала алады. Бұл ретте ай сайын мобильді қосымшада санаттарды ауыстыруға болады.
Бүгінде Jusan келесі санаттар бойынша жоғарылатылған бонустар ұсынады:
— кино және онлайн музыка — 15 %;
— ойын қызметтері — 10 %;
— сұлулық салон және косметика — 7 %;
— кафе және мейрамханалар — 5 %;
— киім және аяқ киім — 5 %;
— такси — 5 %;
— фитнес және SPA — 5 %;
— медициналық қызметтер — 5 %;
— саяхат — 5 %;
— жиҺаз — 5 %.
Қосымша опциялар ретінде әдеттегідей жоғары санаттар бар: Just Mobile ұялы байланысы (15%) және Jusan Garant сақтандыру (25%).
Бәрі қолжетімді
Экожүйесі дамыған банктер ең алдымен тұтынушылар үшін пайдалы. Қаржы институтының мобильді қосымшасында тіркелген адамдар тәулік бойы әлемнің кез келген нүктесінен өзінің шотына кіріп, ақша жинауға ғана емес, сонымен қатар уақытын тиімді басқаруға және ол үшін бонустарға ие болуға мүмкіндік алады.
Jusan bank маркетплейсі Қазақстандағы ең ірі үздік үштіктің қатарына кіреді, мұнда техника, жиһаз және өнімдер сатып алуға болады. Сіз оларды ақшамен де, жинақталған бонустармен де төлей аласыз.
Сонымен қатар, инвестиция бөлімдерінде сіз Jusan академиясының тегін инвестициялау бойынша тренингтерінен өтіп, балаңызға карта ашып, оны кішкентай кезінен бастап ақшасын дұрыс басқаруға және қаржылық сауатты болуға үйрете аласыз.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.












