Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында конго-қырым қанды безгегі секілді аса қауіпті саналатын жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстар сараланды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көктемгі кезеңде Түркістан облысында 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған. Мамандардың сараптау қорытындысы иньекциялаудың оң нәтиже бергенін анықтады. Маңызды шараның екінші кезеңі басталады. Бұл тұста үйіргелік қора-жайларды залалсыздандыруға басты назар аударылмақ.












