Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»48 000 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТІРШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    48 000 ЖЫЛ БҰРЫНҒЫ ТІРШІЛІК АНЫҚТАЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.07.2022958 Views

     Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауының маңында Тұттыбұлақ үңгірі орналасқан. Өңірдегі тарих қақпасында қазба жұмыстары 2018 жылдың тамыз айында басталған. «Сырдария-Түркістан» табиғи паркінің қорғау аймағына кіретін үңгірден алынған күл мен топырақ Германия мемлекетіне жіберіліп, нәтижесінде қазақстандық ғалымдардың 41 мың жыл бұрынғы деген шешіміне 7 мың жылды қосып отыр. Тау-тасты аралап жүрген археологтар бұл маңнан былтыр адамның жақ сүйегін, тас құралдарын тапқан. Ал, 4-5 күн бұрын аю тісі мен палеолит заманында тұрмыста пайдаланылған жабдықтарға қол жеткізді. Мамандардың пікірінше, бұл алғашқы қауымдық құрылыста тіршілік еткен адамдардікі болуы бек мүмкін.

     Көне заттарды іздеу инемен құдық қазғандай. Археологтардың тарихи қазба жұмыстарында екбектері зор. Таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін шаң басқан тарихи жәдігерлерді табу үшін топырақ қабатын қазады. Жарда қалған іздер топырақ қабатының таңбалары. Бүгінгі археологтар діттеген заманына жету үшін әлі 1,5 метрде тереңдікке бойлауы қажет.

    Палеолит заманының ескерткіштерін анықтау мақсатындағы экспедиция 40 күндік жұмыстан соң, тамыз айында өзге өңірді аттанатын болады. Ұлттық музейдің Ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен музейдің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, академик Жәкен Таймағамбетов бастаған қазақ-орыс, қазақ-неміс, қазақ-жапон халықаралық экспедициялары Қаратау жотасынан бұрын-соңды белгісіз боп келген палеолит дәуіріне тиесілі 85 үңгір анықталған. Топтың белсенді өкілдерінің бірі Алматы облысының тумасы Абай Нәмен археологиялық қазба жұмыстарына 7 сыныбынан бері қызығушылық танытып, бүгінде Германияның Тюбинген университетінің докторанты. Жас археологтың сөзінше, заттар топырақ күйінде табылып, шелекке салынады. Одан соң арнайы електен өткізіліп, таза суға жуылып, ғылымға қажетті барлық зерттеулер өтеді.

     10 адам қазба жұмыстарын жасап жатқан үңгірде қазылмаған 1 бұрыш қалды. Ол жерде орта ғасырдың мәдениеті жатқан көрінеді. Мамандардың сөзінше, табылған көнелердің барлығы болашақта ЮНЕСКО-ның жәдігерлер қатарына қосылуы бек мүмкін.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.