• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

РЕЙС КЕШІККЕН ЖАҒДАЙДА ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

04.07.2022
0

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасына орай «Жолаушыларды темір жол және әуе көлігімен тасымалдау: кешігулер, бағалар және сервис сапасы» тақырыбында баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиын Facebook және YouTube желілері арқылы тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

БАҚ өкілдерінің маңызды мәселелер турасындағы сауалдарына ҚР ИИДМ Көлік және Азаматтық авиация комитеттерінің өкілдері, «ҚТЖ» АҚ, отандық әуе және темір жол тасымалымен айналысатын компания өкілдері жан-жақты жауап берді.

Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бойынша ағымдағы жағдай туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева баяндады. Оның айтуынша, биылғы жылы ішкі тұрақты әуе рейстерінде жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан. Өз кезегінде бұл ұшулар кідірісінің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Осы тақілеттес жағдай қазіргі таңда Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-та да байқалуда. Салтанат Томпиева әуе тасымалы кезіндегі кідірістер жолаушылар тасымалы барысындағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

 «Еліміздегі әуе көлігі арқылы жолаушылардың құқықтары халықаралық талаптарға сәйкес қорғалған. Әуе компания тарапынан рейс кешіккен жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы кідіріс ұзақтығына байланысты жолаушыларды тегін негізде екі рет қоңырау шалуға, салқын сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, қонақ үйде тұруға, қонақ үйге дейін баруды және әуежайға кері қайтуды ұйымдастыруға міндетті. Сондай-ақ кешіккен әр сағат үшін тасымалдаушы тарап билет құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді», – деді С. Томпиева.

Сонымен қатар ол жоғарыда көрсетілген талаптар мүлде немесе тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда авиакомпания 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары әуе билеттерінің бағасына қатысты да түсініктеме берді. Атап айтқанда, халықаралық тәжірибеге сәйкес елімізде баға белгілеуді реттеудің күші 2016 жылы жойылған. Осыған сәйкес әуе компаниялары билет бағасын дербес белгілейді.

Темір жол арқылы жолаушылар тасымалы саласындағы ахуал туралы Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қасым Тлепов баяндады.

Оның ақпаратына сүйенсек, бүгінде Қазақстан аумағында 130-дан астам жолаушылар пойызы қызмет көрсетеді. Жылжымалы құрам паркінде 2 мың 600 дана жолаушы вагоны бар. Вагондардың орташа тозу деңгейі 46 пайызды құрайды. 900-ден астам вагонның пайдалану мерзімі 30 жылдан асып кеткен. Тозығы жеткен вагондар сұраныстың өсуі кезінде пойыздарға қосылады.

Соңғы 10 жылда 1 мың 100 дана жаңа вагон, оның ішінде 600-ге жуық «Тұлпар-Тальго» вагоны сатып алынды. Биылғы жылы тағы 73 вагон сатып алынбақ.

Салада қалыптасқан ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар кешенді шаралар қабылдануда. Мәселен, швейцариялық Штадлер компаниясымен бірлесіп 537 жаңа вагон шығару көзделіп отыр. Вагондарды сатып алуға несие беру кезінде сыйақы мөлшерлерлемерін субсидиялау тетігі де қарастырылған.

Сонымен қатар жолаушылар вагондарының жай-күйіне және сервис сапасына қойылатын талаптар да күшейтілуде.

Баспасөз конференциясы барысында Қасым Тлепов жолаушылар пойыздарына бақылаудың күшейтілгенін айтты. Атап айтқанда, 2022 жылдың алғашқы бес айында 200 жолаушылар пойызына тексеріс жүргізілген. Тексеріс қорытындысы бойынша 431 жолаушыларды тасымалдау қағидаларының талаптары бұзылғандығы анықталған. Бүгінгі күнге дейін 31,2 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

Отандық темір жол және әуе тасымалдаушы компания өкілдері баспасөз конференциясы барысында жол жүру билеттерінің өсуі мен сервис сапасы жайында, сондай-ақ рейстердің келу және жөнелтілу барысында туындаған мәселелер төңірегінде де түсініктеме берді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.