Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»“АЛТАЙДАЙ ЖЕР ҚАЙДА?!”
    Бас ақпарат

    “АЛТАЙДАЙ ЖЕР ҚАЙДА?!”

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа02.07.2022Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

     

    Асқар Алтайдың етегінде алғаш рет халықаралық айтыс өтті. Мұзтаудың мұзбалақ шыңындағы аламанға еліміздің жыр сүлейлерінен бөлек Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елінің от ауызды, орақ тілді ақындары қатысты.

     

    Асқақ өнерге шөлдеп қалған халықты ашық аспан астына жинап, креативті шара ұйымдастырған Қатон-Қарағай әкімдігі мен бас демеушілік жасаған Толықпаевтар әулеті, меценат-патриоттар Ғани Шаймарданов, Дәулет Әшімхан, Құрмет Оразаев, Қайрат Ахметов, Дәулетбек Исабаев, Лұқбек Тумашинов, Талғат Серменов сында азаматтар төл өнерді қайта түлетуге себепкер болды.

    Серкедей сұрыпталған 16 ақын екі жұпқа бөлініп, айтыс ақтаңгерлері мен нағыз төреші — халықтың алдында сөз сайысына түсті. Аламан айтыста қарасаң көз талатын Алтайдың ғажап сұлулығы мен көптің көңіліндегі күпті ойларды көсіле жырлаған ақындар көңілдің кірін тазартқандай болды.

    Жыр додасына түскен тарландарға төрелік етіп, әділ бағасын берген қазылар құрамында Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Алмас Ахметбек, Дәулеткерей Кәпұлы, Серік Құсанбаев және Кәмел Жүністегі болды.
    Жер-жердегі жыр сүлейлерін жинап, айтысты жүргізген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман.
    Түбі бір түркілердің әсемді, әуезді әнін қара сөзбен зергерлеген суырып салма ақындар көз көріп, көңілге енген Қатон-Қарағайдың табиғатын, әлеуметтік жағдайын Оралхан айтып кеткен орамды ойлар арқылы жеткізіп, руханият кілтін ашты.

    Бірінші кезеңнен іркілмей өткен 5 жұп екінші кезеңге өтіп, қағытпа қалжың айтқанымен, астарындағы зілді әзілмен замананың шынайы шындығын растады.

    “Алтайдай жер қайда?!” халықаралық айтысының бас жүлдесін Ардабек Ақбаба алса, бірінші орынды 3 рет “Алтын домбыраның” иесі атанған Мұхтар Ниязов иемденді. Екінші орынды халықаралық, республикалық додаларда жүлдегер атанып жүрген түркістандық Еркебұлан Қайназаров пен Абай облысының айтыскері Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Ал, Қазірет Бердіхан мен өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков үшінші орын алды. Айтыстың жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрады. Айтысқа қатысқан өзге де дүлділдер Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Жарқын Жұпархандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

    Таудың бөктерінде, ашық аспан астында өткен аламан айтыста табиғат тосын мінез көрсеткенімен, жиналған жұртшылық оған тосырқай қоймады. Жауын астында жыр тыңдап, желдей жарыса шапқан ақындардың өнерін тамашалады.
    Бюджеттің қаражатынсыз, халықаралық деңгейдегі шараны ұйымдастырған кәсіпкерлер халықтың құрышын қандырған мұндай жиынды жыл сайын өткізуге тырысатынын жеткізді.

     

    Осылайша өр Алтай төріндегі ұлттық құндылығымызға айналған өнер додасы өз мәресіне жетті.

    Тарихтың ізімен жүріп, мәдениеттің маңыздылығын ұлықтаушы Түркістан облыстяқ мәслихатының депутаты, “Айғақ” телеарнасының басшысы Дулат Әбіш бастаған шығармашылық топ кең көлемде өткен шараға қатысты. Орынды ой, ойнақы образдарымен ерекшеленген айтысты алдағы уақытта “Айғақ” телеарнасынан тамашалайтын боласыздар.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.