Шымкентте қала күніне орай 200 кәсіпкердің қатысуымен қолжетімді бағада жәрмеңке ұйымдастырылды. Ауқымды шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің 100 тоннадан астам өнімдері нарықтағы бағадан 10 пайызға төмен ұсынылды. Арзан бағада сапалы өнім алуға келген жұртшылықтың бұл жолы қатары қалың болды.
Шырайлы Шымкент қаласының күніне орай іс-шаралар легі өз жалғасын табуда. Көпшіліктің көптен күткен шарасының бірі де осы жәрмеңке болатын. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған жәрмеңкеде мегаполис және Түркістан облысының кәсіпкерлері өз өнімдерін халыққа төмен бағада ұсынды. Атап айтқанда, ет өнімдері 2200 теңге, картоп келісі 180 теңге, қызанақ 350 теңге, қияр 300 теңге, кәді 350 және жұмыртқа бағасы 37 теңгеден басталады. Сүт өнімдерін 8 жылдан бері өндіріп, халыққа сапалы өнім сатып келе жатқан Мақпал Дәулетова да жәрмеңкеге өз өнімдерін ала келіпті. Кәсіпкердің айтуынша, жәрмеңке күндері 150-ге жуық сатып алушы келеді. Еңбегіне қарай, өнбегі де тәуір.
Аталмыш кәсіпкердің сүт өнімдерін тұрақты сатып алушы Зейнеп Ахметова әр жәрмеңкеде осы жердің өнімдерін алып тұрады екен. Балғын, дәмі тіл үйіретін сүт өнімдеріне тіпті қала жұртшылығы тарапынан да сұраныс жоғары көрінеді.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде 480 теңгеден қантты да сатылымға шығарды. Бірақ, тұрғындар тарапынан ұзын-сонар кезек пайда болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Бүгінгі жәрмеңкеге 4 тонна қант әкелінген. Бір адамға шекті мөлшер 5 келіден сатылды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы
2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...











