«Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген тұлғалардың тізімі
Асқар Артықбайұлы Ақшаев — зейнеткер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері;
Сәуле Раимбекқызы Әбсеитова — зейнеткер, «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамы терапия және кардиология кафедрасының профессоры;
Ильяс Карипович Гарипов — «Фиркан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры;
Балғабай Тезекбайұлы Елшиев — зейнеткер;
Дархан Каюпов — «Южавтотранс» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы;
Серікбай Керімбеков — «ПромСпецСтройПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері;
Бакир Абдиевич Нурманбетов — Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Анна Александровна Сушко — «Архитектура Дизайн-Ш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;
Ұлбосын Тәжібаева — Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы;
Бекайдар Мұсаұлы Төлегенов — «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты.




















