• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Қаңтар 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

Ә.СМАЙЫЛОВ: ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ ЖӘНЕ МЕЙМАНДОСТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

04.06.2022
0

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық туризм мен ұлттық парктерді дамыту мәселелері қаралды. 

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев және Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндама жасады.

Мәдениет министрлігінің басшысы 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі туристер саны 50%-ға өскенін хабарлады. Сонымен қатар шетелдік туристер саны азайған, бұның себебі карантиндік шаралар мен сыртқы шекаралардың жабық болуымен байланысты.

Ұлттық саябақтарға келушілердің саны артты. Іле Алатауы, Көлсай, Шарын сияқты ұлттық парктерге келушілер санының еселеп өскені байқалады.

Биыл қаңтар-сәуір айларында салаға 75,6 млрд теңге тартылды, 2022 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш – 1 трлн теңге.

«Қазіргі уақытта 25 елмен 80 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді, 74 елге визасыз режим қалпына келтірілді, құрлық шекаралары ашылды. Таяу келешекте біздің алдымызда визалық режимді либерализациялау міндеті тұр», — деді Д. Абаев.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, Үкімет басшысы Әлихан Смайылов туризмнің өте перспективті сала екендігін атап өтті. Пандемияға дейін туризм саласына жаһандық қызмет көрсету экспортының 30%-ы, әлемдік инвестициялардың 7%-ы және салық түсімдерінің 5%-ы тиесілі болды.

Басқа жағынан, бұл фактор ішкі туризмді дамытуға үлкен септігін тигізді. Қазақстандағы туристік объектілерге қызығушылық артып келеді. Сондықтан Үкімет басшысы туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервисті дамыту қарқынын одан әрі күшейту қажет екенін айтты.

Сондай-ақ экотуризм объектілеріндегі қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Оны іске асыру кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесі қатаң сақталуы тиіс.

Әлихан Смайыловтың пікірінше, кейбір туристер демалатын жерлерге әуе және теміржол тасымалының болмауы, демалыс маусымында жол қатынасының қиындығы – туризмнің дамуын тежеп отырған мәселелердің бірі.

Осыған байланысты Индустрия министрлігі интермодалдық жолаушылар тасымалын дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеп, авиа, авто және теміржол көліктерінің ыңғайлы қиылысқан бағыттарын қамтамасыз етуі қажет.

Сондай-ақ туристік сала мамандарын кәсіби даярлауға жүйелі тәсіл керек екені айтылып жүр.

«Қолданыстағы бағдарламалар туризм саласының нақты қажеттіліктеріне сай келмейді. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты, оның ішінде Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында күшейту қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Үкімет басшысы туризм саласының дамуында оң динамика бар екенін, осы орайда мына мәселелерге көңіл бөлу керек екендігін атап өтті:

  • Бірінші. Өңір әкімдіктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристік объектілерді инженерлік инфрақұрылыммен уақытылы қамтамасыз ету шараларын қабылдауы тиіс.
  • Екінші. Мәдениет министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, бірінші кезекте, туристердің қауіпсіздігі мен қызметтердің сапасын арттыруды көздейтін туристік өнімдер ұсыну жөнінде кешенді жұмыстарды ұйымдастыруы қажет.
  • Үшінші. Мәдениет министрлігі Экология министрлігімен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірге Имантау-Шалқар курорттық аймағын дамыту жоспарын бекітіп, ондағы шараларды іске асыруға кірісуі тиіс.

«Туристерге қызмет көрсету сапасына назар аудару керек және де биотуалеттер мәселесі шешілуі тиіс. Бұл туристер санының өсуіне ықпал етеді. Отандық және шетелдік туристер көбіне дәл осы сервистің нашарлығын айтып, шағымданады. Сондықтан бұл мәселені мұқият пысықтау қажет», — деп тапсырды Әлихан Смайылов.

Рrimeminister.kz/

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ КӨП ЖҮКТЕМЕСІ БАР АҚЫЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ТОП-10-Ы

Айғақ медиа
15.01.2026
0

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4...

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ФОРМАТЫ ЖАҢАРДЫ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

Биыл елімізде электронды денсаулық паспортының форматы түбегейлі жаңарады. Денсаулық сақтау министрлігі қазір мемлекеттік және жеке клиникаларды өз деректерін орталық қорға...

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 2 СУ ҚОЙМАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Айғақ медиа
15.01.2026
0

▪️Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңірді ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар...

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.